Байқау ұйымдастырылды

0
70

Аудандық мәдениет үйінде мәдени-көпшілік шараларды жүргізушілер арасында аудандық байқау  ұйымдастырылды.  Өзі таңдаған ақынның лирикалық және патриоттық өлеңін,  берілген концерттік бағдарламаның сценариін, поэма не проза немесе мақаладан үзінді оқу және ситуациялық сұрақтарға  жауап беру бойынша 4 кезеңнен тұратын байқауда  8 қатысушы өзара сынға түсті. 

Байқауға дайындалып келген үміткерлер, атап айтқанда, № 3-ші Шұбарқұдық орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Ізбасар Жасұлан, Темір қалалық клубының мәдени шара ұйымдастырушысы Талғатова Томирис,   Кенқияқ ЖОББ мектебінің 11-сынып оқушысы Аманшиева Жанерке,   № 3-ші Шұбарқұдық орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Зарлықов Нұрғиса,  № 1-ші Шұбарқұдық мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Жеңіс Алтынай, Қ. Жұбанов атындағы АӨУ-нің филология факультетінің ІV-курс студенті Байзақ Өмірзақ, Қызылжар жалпы орта білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы Забихолла Арай, Шұбарқұдық гимназиясының көркем еңбек пәнінің мұғалімі Тайман Әлібек әділ қазылар алқасының алдында өздерінің шеберліктерін ортаға салды. Нәтижеде   қазылар алқасының шешімімен кеш жүргізушілері байқауының  үздіктері деп Тайман Әлібек  пен Аманшиева Жанерке  танылды. Ендігі жерде, байқаудың жеңімпаздары – Тайман Әлібек  пен Аманшиева Жанерке, алдағы уақытта мәдениет үйіндегі шаралардың жүргізушілері болмақ.

Байқау соңында барлық қатысушыларға  «Алғыс хат» пен сыйлық табыс етілді.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ.