Конференция өтті

0
45

18 тамызда «AMANAT» партиясы Темір аудандық филиалының кезекті XXXVII есептік — сайлау конференциясы өткізілді. Конференцияда төмендегідей күн тәртіптері қаралды:

1. Партияның аудандық филиалы Саяси кеңесінің 2021-2022 жылдары атқарылған жұмыстары туралы есебі және алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы;
2. «AMANAT» партиясы Темір аудандық филиалының Саяси кеңес Бюросы және Саяси кеңесінің құрамын өзгерту туралы;
3. «AMANAT» партиясы Ақтөбе олыстық аймақтық филиалының кезекті XXXV есептік – сайлау конференциясына делегаттарды сайлау туралы.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы А.Нургалиев баяндама жасады. Партия филиалының Саяси кеңес және Саяси кеңес Бюросы құрамы бекітіліп, облыстық конференцияға делегаттар сайланды.

                                                      AMANAT» партиясы Темір аудандық филиалы.