Ұстаз — ұлы есім

0
119

Білім саласында үздіксіз еңбек етіп жүрген жас мамандардың бірі, «AMANAT» партиясының мүшесі — Тайман Әлібек Нұрланұлы. Ол 2015 жылы Шұбарқұдық гимназиясының түлегі атанып, 2015-2019 жылдары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетін «Кәсіптік оқыту» мамандығын тәмамдап, 2019 жылдан бері  өзі оқыған білім ошағы — Шұбарқұдық гимназиясында көркем еңбек пәні мұғалімі болып қызмет атқарып келеді.  Мұғалім қолөнер және сурет байқауларында өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленіп, жүлделі орындарға ие болды. Соның ішінде 2019 жылы аудандық «Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туылғанына 175 жыл» сурет байқауына қатысып, алғыс хатпен марапатталды. 2019 жылы «Жас келсе іске» аудандық фестиваліне қатысып, «Іскер маман» номинациясын иеленді. 2019 жылы аудандық «Баталы ел арымас» сайысының «Бас жүлде» иегері атанды. 2020 жылы мектепішілік «Үздік кәсіби маман» байқауының II орын жүлдегері. Жас маманға 2020 жылы Ресупбликалық ғылыми әдістемелік «Самғау» журналына мақаласын ұсынғаны үшін сертификат табысталды.

Сонымен қатар 2021 жылы Ақтөбе облысы білім басқармасының басшысы Ж.Батырханның Алғыс хатына ие болса, осы жылы облыстық «AQTOBE» телеарнасының директоры М.Мұқаштың алғыс хатын алды.

Қолөнерге зейін қойған жас ұстаз өзімен бірге шәкірттерін де түрлі сайыстарға қатыстырып, түрлі додалардың жеңімпазы атанып жүр. Атап айтар болсақ,  2019 жылы аудандық «Жаңа жылдық ойыншықтар» байқауында оқушысы Ерғали Әділет III орын грамотасымен, 2020 жылы облыстық «Ұлттық салт-дәстүр және әдеп ғұрыптар» сырттай шығармашылық байқауының жүлделі III орын дипломымен Шаймов Нұрасыл марапатталса, 2021 жылы облыстық «Біз рәміздерді құрметтейміз» сурет байқауының жүлделі III орын дипломымен Маратова Меруерт  жүлдегер атанды.

Әлібек Нұрланұлы – Партияның қоғамдық жұмыстарына белсенді түрде өз үлесін қосып жүрген жастардың бірі. Қазіргі уақытта шығармашылық ізденіс пен кәсіби шеберлігін дамыту үстінде. Қазіргі таңда отбасылы, бір бала тәрбиелеуде.

 

«Білім орталығы» бастауыш партия

ұйымының төрайымы:                                              Э.Атраубаева