БІЗ БАЛАЛАРМЕН БІРГЕМІЗ

0
24

ТЕМІР АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ  БАЛАЛАР  КІТАПХАНАСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ АЛУАН ТҮРЛІ ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛЫП КЕЛЕДІ. БҮГІНГЕ ДЕЙІНГІ КӨРНЕКТІ АҚЫН- ЖАЗУШЫЛАР МЕН ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН КІТАПХАНАҒА САЯХАТЫН, ОЛАРҒА ҰСЫНЫЛҒАН ТҮРЛІ ВИКТОРИНАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ, ҚЫСҚА МЕТРАЖДЫ ЕРТЕГІ МУЛЬТФИЛЬМДЕРДІ КӨРМЕ ЖҰМЫСТАРЫН, МЕРЕКЕЛЕР ҚҰРМЕТІНЕ ӨТКІЗІЛГЕН ШАРАЛАР Т.Б. АЙТПАҒАННЫҢ ӨЗІНДЕ, КЕШЕГІ ҮШ АЙ ЖАЗ БОЙЫ ОРТАЛЫҚ САЯБАҚТА ӘРБІР КҮН ДЕРЛІК, АЛУАН ТҮРЛІ ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫП, ЖАС ҰРПАҚТЫ ӘДИБЕТТІ СҮЙЮГЕ РУХАНИ БАЙЛЫҚТЫҢ КІТАП АРҚЫЛЫ КЕЛЕТІНІН НАСИХАТТАП, ОТАНҒА ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІК СЕЗІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ЕРЕКШЕ ҮЛЕС ҚОСТЫ  ДЕСЕК, АРТЫҚ АЙТҚАНЫМЫЗ ЕМЕС.

АУДАНДЫҚ ОТАЛЫҚ БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫНДА  БІР ҮРДІС БҮГІНДЕ ДЕ ТОҚТАП ҚАЛҒАН ЕМЕС.

Мәселен, өткен 5 қыркүйек — қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы — Ахмет Байтұрсынұлының туған күні мен «Тіл мерекесіне» орай, «Медина» оқу орталығының балаларына «Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты кітап көрмесі таныстырылып, сұрақ-жауап ойыны өткізілді. Сондай-ақ, 15 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министірлігінің қолдауымен өтіп жатқан «KitapTime-2023» атты ІІ-ші жалпы республикалық кітап фестивалі аясында, Темір аудандық балалар кітапханасының алаңында арнайы іс-шара ұйымдастырылды. Онда алаңда балалар ән айтып, ертегі қойылымы мен интерактивті ойыны, балалар әдебиеті кейіпкерлерінің шеруі өткізілді.

— Осыдан он жыл бұрын, яғни 2013 жылы қараша айында, Темір аудандық балалар кітапханасы құрылған болатын. Ұжымымыз мүшелері, кітапхананың алғашқы дөңгелек даталы мерейтойын лайықты қарсы алу үшін, жыл басынан бері алуан түрлі іс- шараларды қарқынды түрде атқарып келеді. Сондай- ақ, қызметкерлеріміз бен оқырмандарымыз арасында облыстық және республикалық сайыстарға қатысып, жүлделі орындарды иелеп жатқандар да бар. Мысалы, биылдың өзінде Темір аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы Ақжайық Өтегенова, «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша, «Ғажайып кітап еліндегі жазғы оқиғалар» атты Республикалық сайысқа оқушыларды жақсы дайындағаны үшін «Алғыс хатпен» марапатталса, о қ ы р м а н д а р ы м ы з Шұбарқұдық гимназиясынан Сүндет Айзере (5-сынып) мен Қызылжар ЖОББМ-нен Сүндет Айсезім (1-сынып) арнайы «Дипломға» ие болды. Біздің жыл аяғына дейін жасаған қызықты да тәрбиелі іс- шараларымыз әлі көп. Біз ата-аналар мен мектептегі сынып басқарушылардың, балабақша тәрбиешілерінің бізбен ынтымақтастық орнатып, балаларды осындай пайдалы іс- шараларға қатыстырып отыруын қалаймыз. Рас, қазіргі кітапханамыз сәл тарлық етіп жүр. Бүгінде Қызылжар мөлтек ауданынан аудандық кітапхананың екі қабатты жаңа ғимаратының құрылысы басталды. Оның 1-ші қабаты балаларға арналған кітапхана болады. Жаңа кітапхананың құрылысы 12 айда бітіп, пайдалануға беріледі деп күтілуде. Кең де жарық кітапханаға көшкен соң, біз балалармен бірге жасайтын жұмысымызды жандандыра түсеміз деп сенемін, — дейді Темір аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Райхан Мұхамбетқалиева.

                                                                                                                                                                                          ӨЗ ТІЛШІМІЗ.