«Жайлы мектеп» ұлттық бағдарламасы бойынша жаңа мектеп салынбақ

0
64

«AMANAT»  партиясы Темір аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының мүшелері А.Нургалиев пен Б.Әділханов аудан орталығындағы  85 жылдық тарихы бар, апатты жағдайда деп танылған білім ошағының ғимаратын бұзу және орнын тазалау жұмыстарымен танысты. Ғимаратты бұзу және орнын тазалау жұмыстарының мердігері – ЖК «Жемчуг», жоба құны – 20 млн тг.

Ақтөбе облысы, Темір ауданы,  Шұбарқұдық  кентіндегі № 60  Ж.Кереев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі 1938 жылы салынған. Аталмыш мектепте биылғы 2023-2024 жылғы оқу жылында 501 оқушы тіркелген, олар уақытша басқа ғимараттарда білім алып жатыр.

Жаңа мектеп ғимараты «AMANAT»  партиясы Темір аудандық филиалының  Жол картасына енген «Жайлы мектеп» Ұлттық бағдарламасы бойынша келер жылы салынбақ. Құрылыс партиялық бақылау комиссиясының бақылауында болады.

 

                                                                                                                      «AMANAT»  партиясы Темір аудандық филиалы