СЕМИНАР ӨТТІ

0
60

АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВ «ДОСШАН ИШАН» МЕМОРИАЛДЫҚ КЕШЕНІНДЕ ӨТКЕН «ДІН. ДӘСТҮР. ҚОҒАМ» АТТЫ СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ.ТАҚЫРЫПТЫҚ ШАРАҒА АУДАНДАРДАН КЕЛГЕН ДЕЛЕГАТТАР, ТЕМІР АУДАНЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ М. УРАЗАЛИН, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ҰҚК ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ТЕМІР АУДАНДЫҚ БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ Қ. ОМАРОВ, АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ Б. БАҚТЫҒАЛИЕВ, МЕШІТ ИМАМДАРЫ ЖӘНЕ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІ ҚАТЫСТЫ. СЕМИНАРДЫҢ МАҚСАТЫ — ҚОҒАМДАҒЫ ӨЗЕКТІ БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН ЖАСТАР ТӘРБИЕСІН ШЫҢДАУ МЕН ҰЛТТЫҚ РУХАНИ МӘДЕНИЕТІМІЗДІ ЖАНДАНДЫРУ.
Семинардың ашылуында аудан басшысы қатысушыларды кешегі аталып өткен барлық игілігіміздің бастауы болған ұлы күн, ұлттық мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтай отырып, жастарға ұлттық тәрбие беру — егеменді елімізді жарқын болашаққа жетелейтін бірден-бір жолыекенін атап өтіп, шараға спикер ретінде арнайы шақыртумен келген Нұр Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті жанындағы діни экстремизмге қарсы іс-қимыл академиясы басшысының орынбасары Сакен Сайранұлына сәттілік тіледі.
Спикерлердің баяндамаларынан кейін зиялы қауым өкілдері өзекті мәселелерді талқылап, нәтижелі қортындылар шығарды.
Мемориалдық кешенге экскурсиямен басталған кешенді семинар дәстүрлі садақ ату сайысымен жалғасып, жүлдегерлерге құрмет көрсетілді.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.