ӨТКЕН ШАҚТЫҢ ӨРНЕКТЕРІ

0
71

1960 ЖЫЛДАРДЫҢ БАСЫНДА БАРЛЫҚ АЙМАҚТАРДА «КАЗСЕЛЬХОЗТЕХНИКА» ӨНДІРІСТІК ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАУ БІРЛЕСТІГІ МЕКЕМЕСІ АШЫЛА БАСТАДЫ. АЛ ТЕМІР АУДАНДЫҚ «КАЗСЕЛЬХОЗТЕХНИКА» БІРЛЕСТІГІ ШҰБАРҚҰДЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ ҚҰРЫЛЫП, ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ. БҰЛ МЕКЕМЕНІҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН КЕРЕКТІ ТЕХНИКАМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАСЫН КӨТЕРУ ЕДІ. САНАУЛЫ МЕРЗІМДЕ ЖЕР БӨЛІНІП, АУЛАСЫ ҚОРШАЛЫП, ҚОЙМАЛАР МЕН ЖҰМЫСШЫЛАРҒА АРНАУЛЫ ҮЙЛЕР САЛЫНА БАСТАДЫ. БАРЛЫҒЫ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН ЖЫЛУМЕН, СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛДІ. ОСЫЛАЙША КАЗІРГІ ТЕРІСКЕЙ МӨЛТЕК АУДАНЫ 1965 ЖЫЛДАРЫ ПАЙДА БОЛДЫ.

Осы аудандық «Казсельхозтехника» бірлестігіне Темір ауданының сегіз шаруалығын, көршілес Ойыл ауданының барлық шаруашылығын құрылыс материалдарымен, техникамен, құрал- жабдықтармен қамту, үздіксіз жабдықтау жүктелді. Жүктелген міндеттерді дер кезінде орындап отыру үшін бірлестік жанынан 1960 жылдардың аяғына таман «Транссельхозтехника» көлік мекемесі ашылды. Бұл екі мекеменің де жұмыстары өте нәтижелі болды. «Казсельхозтехника бірлестігі техникамен, оларға керекті қосалқы бөлшектермен, құрылыс материалдарымен т. б. ауыл шаруашылығына қажет заттармен жабдықдаса, «Транссельхозтехни-ка» көлік мекемесі үздіксіз жеткізумен айналысты.
«Транссельхозтехника» көлік мекемесінің қызметкерлері (жүргізушілер мен слесарьлер) жоғарыда көрсетілген қызметтер мен қатар егістікті себу мен ору уақытында, түскен өнімді элеваторға жеткізу кезінде, шөп тасу науқанында күн-түн демей, уақытпен санаспай, аянбай еңбек етті. Бір қиыны осы көлік мекемесінің автомашиналары ашық-шашық, қалай болса солай орналасып, жүріске жарақтысы мен бұзылып жатқандары аралас-құралас тұра беретін еді. Осы қиындықтарды жою мақсатында 1980-85 жылдары «Транссельхозтехника» көлік мекемесіне типтік гараж салынып, пайдалануға берілді. Осыдан кейін көлік жүргізушілері қыстың қақаған аязында да жылы гараждың ішінде техникасын күтіп, баптап жолға жайбарақат шығатын болды. Әрине, бұл жұмыстардың барлығы өздігінен істелген жоқ, оны қырауар коллектив басшылары, жұмысшылары аянбай еңбек ету арқасында бітіріп жатты.
Ең алғаш «Казальхозтехника» бірлестігі мекемесіне басшы болып Мельников Степан Антонович тағайындалды.
Басшылық жасағандар:
1. Мельников С. А. (1961-1971 ж)
2. Оралбаев Ә. (1971-1973 ж)
3. Сандыбаев Б. (1973- 1982 ж)

4. Мырзабеков Ж. ( 1982- 1985 ж)
5. Нұрлин Қ. А. (1985 – 1986 ж)
6. Жабасов Е. Б. (1986 – 1990 ж)
7. Қуандықов Б. (1990 – 1991 ж)
8. Далмағанбетов О. Н. (1991- 1991 ж )
9. Ералин Қ. Қ. (1991- 1992 ж )
10. Рахметов М. (1992 – 1994 ж)
«Трансальхозтехника» көлік мекемесіне ең алғаш басшы болып Киек Андрей Никонович тағайындалды. Одан кейінгі басшылар (директорлар):
1. Киек А. Н. (1969 – 1971 ж.ж)
2. Сандыбаев Б. ( 1971 – 1973 ж.ж)
3. Төлегенов Б. ( 1973 – 1979 ж.ж)
4. Алдамжаров Н. Қ. (1979 – 1987 ж.ж)
5. Ералин Қ. Қ. ( 1987 – 1992 ж.ж)
6. Жабасов Е. Б. ( 1992 – 1994 ж.ж)
7. Қазиев С. Қ. ( 1994 – 1994 ж.ж)
Сонымен қатар сол уақыттар ішінде «Казсельхозтехника» бірлестігінде меңгеруші орынбасарлары болып ұзақ уақыт еңбегімен көзге түскен азаматтарды атап өтуге болады. Олар — Ешпанов Бақыт, Құлсеитов Досан, ал «Трансельхозтехника» көлік мекемесінде бас инженер болған Салиманов Бабатай, эксплуатация бастығы  болған Нұртазин Султан, жол қауіпсіздігін сақтау инженері болған Гаязов Виль Гильязович т.б. көптеген жұмысшылар мен слесарьлардың еңбегі зор еді. Соңғы жылдары ауданда ауыл шаруашылығы саласы қызметкелерін марапаттау дәстүрге айналып келеді, ал сол уақытта осы салада қажырлы еңбек еткен азаматтар әр уақытта ұмыт қала береді.
Қазір елімізде агроөнеркәсіп кешенінің алдына қойылған міндет көп. Соның бірі ауыл шаруашылығы өндірісін тұрақты дамыту, әлемдік нарықта бәсекеге қаблетті және экспортқа бағытталған өнімдер өндірісін ұлғайту, елдің азық-түлік қауыпсіздігін қамтамасыз ету. Агроөнеркәсіп саласы қашанда аудан экономикасының қозғаушы күші болып қала береді. Сондықтан алдағы уақытта ауылдарды дамытуға басымдық берілуі керек.
Елді мекендерде ауыл шаруашылығын бұдан да қарқынды дамыту үшін көп реформалар керек. Оның ішінде аталған салаға қатысты мемлекеттен берілетін түрлі субсидияларға өзгерістер енгізіп, қолдаулар жасалады деп ойлаймын. Ауыл шаруашылығына қатысты бұрыннан келе жатқан өзекті проблемалар шешіліп, шаруаларға жан-жақты көмек, жеңілдіктер берілсе деген тілегім бар.
Нұрлаш АЛДАМЖАРОВ,
Шұбарқұдық тұрғыны зейнеткер.