ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІНІҢ ОТЫРЫСЫ

0
65

ЖУЫҚТА, АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ Е. ТӨЛЕУОВТЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ЖӘНЕ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН КЕЗЕКТІ ОТЫРЫС ӨТТІ. КЕҢЕСТІҢ КҮН ТӘРТІБІНДЕ 2023-2024 ЖЫЛДАРҒА ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ КӨП ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ШАТЫРЛАРЫ МЕН ҚАСБЕТТЕРІН ЖӨНДЕУ, АУЫЛШАРУШЫЛЫҚ ЖАНУАРЛАРЫНА ЭПИЗООТИЯЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР ЖӘНЕ БІРДЕЙЛЕНДІРУДІ ЖҮРГІЗУ, ШҰБАРҚҰДЫҚ КЕНТІНДЕГІ САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ АЙЛЫҒЫНЫҢ ЖҮРГІЗІЛУІ, КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ҚЫЗЫЛЖАР МӨЛТЕК АУДАНЫНДАҒЫ ЭЛЕКТР БАҒАНАЛАРЫН АУЫСТЫРУ БАҒЫТЫНДА АТҚАРЫЛАТЫН ЖҰМЫСТАР ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ.Отырыста күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А. Құлмаханов көп пәтерлі үйлердің тұрғындарына үйді басқарудың жаңа формасына өтудің заңдылығы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқандығын, аудан бойынша бюджеттік және әлеуметтік нысандарға қарасты 76 қазандық бар екендігін, олардың 3-еуі қатты, 9-ы сұйық отынмен, 53-і газбен, 11 электр қуатымен және 2-еуі орталықтандырылған бу қазандықтарымен жылу беретіндіктерін айта келе, қазандықтарға техникалық зерттеу жүргізіліп, қатты және сұйық отындар жеткізілгені туралы ақпарат берсе, ветернария станциясының басшысы Б. Барсаев пен аудандық ветернария инспекциясының басшысы Қ. Казиев ауданда эпизоотиялық ахуалды сақтауға, мал шаруашылығының және одан алынатын өнімнің ветеринариялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бруцеллез, күл, сібір жарасы сияқты т. б. ауруларға профилактикалық егу шаралары орындалғанын, бұдан басқа қауіпсіздік шаралары атқарылып жатқанын, Шұбарқұдық ауылдық округінің әкімі Н. Қайрат аудан орталығы 5 аумаққа бөлініп, барлық көшелер тазартылғанын,полигон аймағына да ысыру мен кеңейту жұмыстары жүргізілгенін, көктемгі су тасқынының алдын алу үшір кентке кіре берістегі автомобиль жолынның астына және су басу қауіпі бар көшелелерге суағар салынғанын, Қызылжар мөлтек ауданында 20 темір-бетон бағаналар ауыстырылғанын және қазан айында 10 бағана ауыстырылатынын айтты.
Кеңес төрағасы Е. Төлеуов, қоғамдық кеңес мүшелерінің кезекті отырысындағы жоғарыда көтерілген мәселелер бойынша жоспарға сәйкес жұмыс атқарып, тұрғындар өтінішін басты назарға алуды ұсынды.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.