ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ

0
21

ТЕМІР АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНАЛАР ЖҮЙЕСІ, 24 ҚАЗАН – КІТАПХАНАШЫЛАР МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА, «ҮЗДІК КІТАПХАНАШЫ» ЖӘНЕ «ҮЗДІК ОҚЫРМАН» АТТЫ АУДАНДЫҚ КӘСІБИ-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫН ҰЙЫМДАСТЫРҒАН БОЛАТЫН. БАЙҚАУДЫҢ І-КЕЗЕҢІНДЕ, ӘРБІР ТОПТА 4 ҚАТЫСУШЫСЫ БАР 4 ТОПҚА БӨЛІНІП, БАРЛЫҒЫ 16 ҚАТЫСУШЫ САЙЫСҚА ТҮСКЕН КҮЙІ ОСЫ КЕЗЕҢДЕ ӘРБІР ТОПТАН ЖҮЛДЕЛІ I-ОРЫНДЫ ИЕЛЕНГЕН ҚАТЫСУШЫ ІІ-КЕЗЕҢГЕ ЖОЛДАМА АЛҒАН ЕДІ.

24 қазан — Кітапханашылар мерекесі күні, кәсіби-шығармашылық байқауының шешуші — II-кезеңінде 4 топтан үздік деп танылған қатысушылар, қайтадан «Үздік кітапханашы» мен «Үздік оқырман» байқауының жеңімпазы атануы үшін жарысқа түсті. Нәтижеде «Бас жүлдені» Шығырлы ауылдық кітапханасының кітапханашысы Имашева Айгүл мен үздік оқырман Гибла Юлия жеңіп алды. Ал, Қайыңды ауылдық кітапханасының кітапханашысы Әбилашимова Айгүл мен үздік оқырманы Жұмабай Аяжан «Білікті кітапханашы, білімді оқырман» аталымымен, Саркөл ауылдық кітапханасының кітапханашысы Баймұханова Перизат пен үздік оқырман Аян Ақжігіт «Өнерлі кітапханашы, өнегелі оқырман» аталымы бойынша, Темір қалалық модельді кітапханасының кітапханашысы Қонаққалиева Қанзиба мен үздік оқырманы Қуандықова Аяна «Ұлағатты кітапханашы, үлгілі оқырман» аталымымен марапатталды.
Әбді СӘЛИ.