ЖЕҢІМПАЗ ДЕП ТАНЫЛДЫ!

0
64

2023 жылғы “ZHAS PROJECT “ шағын грант байқауының жеңімпаздарының есімі белгілі болды. Әлеуметтік жоба 9 қазанда басталды және 23 қазанға дейін 18-35 жас аралығындағы NEET санатындағы 160 жас қатысуға өтінім берді.
Комиссия құрамын ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министірлігі мен “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” КЕАҚ бекітті, оның құрамында: “Ауған соғысы ардагерлері” одағының Ақтөбе облыстық қоғамдық бірлестігінің директоры, Ақтөбе облыстық маслихат депутаты — Қойлыбаев Марат Айтуғанұлы, Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасының жастармен жалпы жұмыс бөлімінің басшысы Е.Нұрғалиев, “Ақтөбе” телеарнасының редакторы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің еріктісі З.Утбанованы, “AMANAT” партиясы жанындағы “Жастар Рухы” жастар қанатының Ақтөбе облыстық филиалының директоры Ә.Тыныштық, “Атамекен” өңірлік кәсіпкерлер палатасы Агроөнеркәсіп бөлімінің басшысы Д.Ержанов кірді.
Әлеуметтік жобаларды қорғау шалғай ауылдардан келген қатысушылар үшін оффлайн және онлайн режимінде өтті. Нәтижесінде, ауданымыздың белсенді жас Данияр Сәкеновтың «JASART» медиа-шығармашылық оқу орталығы жобасы үздік деп танылды.
Жобаның мақсаты: жастар және жасөспірімдердің шығармашылық әлеуетін арттыру, ақпараттық мәдениеті мен коммуникациялық құзіреттілігін қалыптастыру, жасөспірімдерге медиа (кәсіби фото/видео өнімдерін түсіру және өңдеу, графикалық дизайн, актерлік шеберлік) саласы бойынша білім беру.
Жоба құны: 984 610 тг
Жоба жеңімпазын орталық атынан шын жүректен құттықтай отырып, жастарды мемлекет тарапынан жастарға арналған жобалар мен бағдарламаларға қатысуға шақырамыз!