ОЛИМПИАДА ҚОРЫТЫНДЫСЫ

0
78

Шұбарқұдық гимназиясының базасында математика пәні мұғалімдері арасында бәсекелестікті арттыру, пәннің оқытылу сапасын көтеру мақсатында ауданның математика пәні мұғалімдері арасында аудандық І шығармашылық олимпиадасы өткізілді.
Олимпиада 1 турдан, 5 тапсырмадан тұрды. 1-3 тапсырма олимпиадалық блоктан, 4-5 тапсырма әдістемелік блоктан.
Олимпиада қортындысы бойынша төмендегідей жеңімпаздар анықталды.
І орын — Шынтас Маншук Шынтасқызы (№1 Шұбарқұдық МГ)
ІІ орын — Берген Акерке Сауытқызы (Қопа ЖОББМ)
ІІ орын – Байзыл Гүлназ Тасқынбайқызы (Сартоғай НОМ)
ІІІ орын – Андрей Әлия Бекішқызы (Шұбарши ЖОББМ)
ІІІ орын – Алжанова Алина Мухановна (№ 2 Шұбарқұдық қазақ-орыс ЖОББМ)
ІІІ орын – Имандосов Ербол Кубенович (Еңбекші МБ)
Қорытындылай келе, олимпиадада жеңіске жеткен мұғалімдер Темір ауданының білім бөлімі басшысының дипломымен және AMANAT партиясы жанынан құрылған «Бастауыш партия ұйымының» бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
ТЕМІР АҚПАРАТ.