ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

0
22

СОҢҒЫ ЖЫЛДАРЫ ТЕМІР АУДАНЫНДА СПОРТҚА ЕРЕКШЕ КӨҢІЛ БӨЛУДІҢ АРҚАСЫНДА ЖЫЛДАН-ЖЫЛҒА СПОРТПЕН АЙНАЛЫСУШЫЛАРДЫҢ САНЫ АРТУДА. СПОРТПЕН ШҰҒЫЛДАНУШЫЛАРДЫҢ АРАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ДЕ АЗ ЕМЕС. БӨЛІМ, МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРНАЙЫ ТУРНИРЛЕРГЕ ҚАТЫСЫП, ӨЗДЕРІНІҢ СПОРТТЫҚ ШЕБЕРЛІКТЕРІН КӨРСЕТІП ТҰРАДЫ.
Сондай жарыстың бірі – жуықта өткен шағын футболдан мекеме, кәсіпорын басшылары арасындағы аудандық турнир болатын. Аталған сайысқа аудан әкімдігінің, аудандық білім, мәдениет және спорт, мекеме, кәсіпорын басшыларынан құралған командалар қатысты.
Сайыстың ашылу рәсіміне аудан әкімі С. Аманбаев қатысып,
құттықтау сөз сөйледі және қатысушы командаларға сәттілік тіледі.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ