«ҮЗДІК АУДАН» АТАЛЫМЫН ЖЕҢІП АЛДЫ

0
14

АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНДА «АТАМЕКЕН» СТУДЕНТТІК ОТРЯДТАРЫ ЖАСТАР ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН, «ЖАСЫЛ ЕЛ» ЖАСТАР ЕҢБЕК ЖАСАҒЫ ХІХ-МАУСЫМЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ РЕСМИ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ. АТАЛМЫШ ШАРАДА «ЖАСЫЛ ЕЛ» ЖАСТАР ЕҢБЕК ЖАСАҒЫ ХІХ-МАУСЫМЫНДА ЖЕМІСТІ ЕҢБЕК ЕТІП, КӨЗГЕ ТҮСКЕН ЖАСТАРҒА, ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТІҢ ҚОЛДАУЫМЕН, ЕЛІМІЗДІҢ БАС ҚАЛАСЫ — АСТАНАҒА 3 КҮНГЕ ЖОЛДАМА ТАБЫСТАЛДЫ. ЖОЛДАМА АЛҒАН САРБАЗДАР ҚАТАРЫНДА «ЖАСЫЛ ЕЛ» ЖАСТАР ЕҢБЕК ЖАСАҒЫНДА ЖҰМЫС АТҚАРҒАН ТЕМІР АУДАНЫНЫҢ 5 ЖАС САРБАЗЫ БАР.

«Жастар ресурстық орталығы» Ақтөбе облысының аудандары арасында сарапқа салынған «Үздік аудан» аталымын жеңіп алды.
Темір аудандық жастар ресурстық орталығы мен Темір орман шаруашылығы ұжымы, 2023 жылы «Жасыл ел» жобасында қызмет атқарған аудан жастарын, жоғарыда аталған керемет жетістіктерімен құттықтайды.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.