ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРІ ӘКІМНІҢ ҚАБЫЛДАУЫНДА

0
22

Жақында, аудан әкімі С. Аманбаев ұлттық бұйымдарды әзірлеу технологиясын меңгерген, ауданның, облыстың абыройлы мәртебесін көтеріп жүрген ұстаз Нұрлан Сәулебайұлын қабылдады.
Кездесу соңында аудан әкімі орынбасары Қ. Нұралыға ұлттық қолөнершілерге қолдау көрсете отырып, халық арасында насихаттауды  2023 ЖЫЛҒЫ 7-8 ЖЕЛТОҚСАН КҮНДЕРІ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ДАРЫН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН «ҮЗДІК АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА» КОНКУРСЫ ӨТТІ.
ПӘНДЕР БОЙЫНША ТАҢДАУ КУРСТАРЫН, АРНАЙЫ, ЭЛЕКТИВТІ КУРСТАР, ОҚУ ПӘНДЕРІНІҢ АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ҚҰРАСТЫРАТЫН ҮЗДІК МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРЛЫ АВТОРЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІН АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ТАРАТУ МАҚСАТЫНДА ӨТКЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСҚА ЕЛІМІЗДІҢ БАРЛЫҚ ӨҢІРЛЕРІНЕН 178 МҰҒАЛІМ ҚАТЫСТЫ. АТАЛҒАН КОНКУРСТА НҰРЛАН СӘУЛЕБАЙҰЛЫ І-ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМҒА ИЕ БОЛЫП, КОНКУРС ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ.

жалғастыруды тапсырды. Сонымен қатар, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету үшін, аталған өнерді игеруші жастарға аса көңіл бөлу қажеттігін атап өтті.
Аудан әкімі Н.Сәулебайұлына ұлттық салт-дәстүріміздің, құндылықтарымыздың жаңғыруына сіңірген ерекше еңбегі үшін алғысын білдіре отырып, еңбек жолына шығармашылық табыс тіледі.
Ә. ДӘУҰЛЫ.