«МЕРЕЙЛІ СӘТ» ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСУДА

0
18

«ҚЫЗМЕТ» САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҒЫ АТЫНАН, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ «МЕРЕЙЛІ СӘТ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА, ҰЗАҚ ЖЫЛДАН БЕРІ ҚЫЗМЕТ ЕТКЕН ТЕМІР АУДАНДЫҚ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ ИМАНБАЕВА ГҮЛСІМ ЖОЛДЫҒАРАҚЫЗЫН МЕРЕЙЛІ МЕРЕКЕСІ — ЗЕЙНЕТКЕ ШЫҒУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАУ ШАРАСЫ ӨТТІ.

Аталмыш шарада «Қызмет» салалық кәсіподағы Ақтөбе облыстық филиалының кәсіподақ төрайымы М. Сағындықова, Темір ауданы әкімінің орынбасары Ж. Қойшыбаев және Темір аудандық «Қызмет» салалық кәсіподағы комитетінің төрағасы Е.Сатаев, Г. Жолдығарақызын атаулы мерекесімен құттықтай отырып, «Алғыс хат» пен арнайы сыйлықтар табыстады.
Г.Жолдығарақызы, еңбегін елеп, өзіне көрсеткен сый-қошеметі үшін «Қызмет» салалық кәсіподағына ризашылығын білдіре отырып, барша ұжымдастарының да осындай мерейлі сәтке жетуіне тілектестік білдірді.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.