«КЕШКІ QUIZ» САЙЫСЫ

0
22

АУДАНДЫҚ КІТАПХАНА ЖӘНЕ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН, ЖАСТАРДЫҢ БОС УАҚЫТЫН ТИІМДІ ҮЙЛЕСТІРУ, ӨЗАРА ДОСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУ МАҚСАТЫНДА, «КОВОРКИНГ» ОРТАЛЫҒЫНДА «КЕШКІ QUIZ» САЙЫСЫ БОЛЫП ӨТТІ.

Сайыста «Бір қадам» жастар ұйымы, «Жайдарман» жетекшілері, мемлекеттік қызметшілер, «Замандас» құрaмасы, Қызылжар ЖОББ мектеп пен № 2-ші ЖОББ мектебінің құрамалары өз бақтарын сынады. Тартысқа толы 5 кезеңнің нәтижесінде «Бір қадам» жастар ұйымы үздік деп танылып, жарыс жеңімпазы атанды. Сайысқа қатысқан барша командалар «Алғыс хатпен» және сый-сияпаттарымен марапатталды.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.