ТЕМІРДІҢ АСПАНЫ ӘНГЕ БӨЛЕГЕН ТАЛАНТ

0
49

ҚАСИЕТТІ ДЕ КИЕЛІ ТЕМІР ӨЛКЕСІ ҚАШАНДА ЕРЕКШЕ ДАРЫНДАРДАН КЕНДЕ БОЛМАҒАНЫ БЕЛГІЛІ. БҰЛ АУМАҚТАН ТАЛАЙ ҒАЛЫМДАР, КӨРНЕКТІ ДІН ӨКІЛДЕРІ, АҒАРТУШЫЛАР, АҚЫН-ЖАЗУШЫЛАР, ӘНШІ-ЖЫРШЫЛАР, ЖУРНАЛИСТЕР Т. Б. КӨПТЕП ШЫҚҚАН. БҰЛ ҮРДІС БҮГІНГІ ТАҢДА ДА ЖАЛҒАСЫН ТАУЫП, ҰРПАҚТАН-ҰРПАҚҚА САБАҚТАСЫП КЕЛЕДІ. ОСЫ ОРАЙДА, ТЕМІРЛІК ДАРЫН ИЕЛЕРІНІҢ ҚАТАРЫНА 1969 ЖЫЛДЫҢ 24 АҚПАНЫНДА ТЕМІР АУДАНЫНЫҢ ШЫҒЫРЛЫ АУЫЛЫНДА АТАҚТЫ АҒА ШОПАН, ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ «ЕҢБЕК ДАҢҚЫ» ОРДЕНІНІҢ КАВАЛЕРІ МҰҚАН ЕГІЗҒАЛИҰЛЫНЫҢ ОТБАСЫНДА ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН АЙТЖАНОВ СЕЙСЕН МҰҚАНҰЛЫН ДА ҚОСУҒА ӘБДЕН БОЛАДЫ. ЖАСТАЙЫНАН ӘН МЕН ЖЫРҒА ҚҰМАР БОЛЫП ӨСКЕН ОЛ, БҮГІНДЕ ОБЛЫСТЫҚ ХАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ БОЛЫП ҚЫЗМЕТ АТҚАРУМЕН, РЕСПУБЛИКАҒА ТАНЫМАЛ САЗГЕР-ӘНШІ ДЕҢГЕЙІНЕ ДЕЙІН КӨТЕРІЛІП, АУДАНЫМЫЗДЫҢ АТАҒЫН АСҚАҚТАТЫП ЖҮРГЕН АЗАМАТТАРЫМЫЗДЫҢ БІРІ БОЛЫП САНАЛАДЫ.

Айтжанов Сейсен Мұқанұлының өнер жолындағы өмірбаяны, сол кезде 70 шақты үйден құралған шағын ғана Шығырлы ауылынан басталады. Расын айтсақ, көз тартар тамылжыған тамаша табиғаты бар Шығырлыда туылған баланың ақын-жазушы немесе әнші-сазгер, яки әйтеуір бір өнер иесі болмауы мүмкін емес еді. Жастайынан өнерге құштар болып, ауыл клубына жиі баратын. Ол кезде ауылдардың клубтарында музыкалық аспаптар жеткілікті болатын. Өмір жолының балалық және бозбалалық шағы осындай сәтті кезеңге тап болған Сейсен, өзінің Ерлан, Ержан, Адырбай сияқты өнерлі достарымен бірге, сол Шығырлыда «Жанарым» атты ансамбль құрып, аудан мен облыста өтетін түрлі сайыстар мен конкурстарға қатысып, бірнеше рет жүлдегерлер сапынан көріне бастаған. Өнер жолындағы алғашқы қадамдарының сәтті болуы — «Жанарым» ансаблінің мүшелерін қанаттандыра түсті…
Дегенмен, орта мектеп бітірген жылы әскер қатарына шақырылып, Куйбышев облысының Тольятти қаласында екі жыл қызмет етуі – Сейсенге өнермен шұғылдануына мүмкіндік бермегені рас. Солай бола тұрса да, әскер қатарындағы екі жыл да бекерге өтпеді. Онда жүріп, ақтөбелік Батырбек, Қайрат атты нағыз сенімді достар тапты. Әскерден елге оралған соң, осы достарымен жиі хабарласып, барыс-келісін үзбеген. Батырбектің әкесі Салық Шәуленов, Ойыл ауданында жарты ғасырдай ұстаз болған екен. Сейсеннің осы ұлағатты ұстазбен танысып, өнегелі де тағылымдық әңгімелерін көп тыңдауы – екі жыл бойы әскерде өнерден сәл алыстап кеткен жас жігітті қайта жігерлендіріп, бала кезіндегі әншілік өнерді игеру арманына қол жеткізуге құлшындыра түсті десек болады. Тоқсан жастан асып, Ақтөбе қаласында өмірден өткен сол ақсақалды Сейсен жиі есіне алып тұрады.
— Ол кісінің өмірден түйгені көп болатын. Сондай ойларын бізге үлгі-өнеге ретінде айтып отыратын. Мен, өз басым, сол ақсақалдың әңгімелерінен, алға қойған мақсатқа қалай жетуді, адамдармен қалай достық қарым-қатынаста, сыйластықта болуды, қиындыққа шыдауды т. б. көптеген дүниелерді үйрендім, — дейді С. Айтжанов бізбен әңгімесінде.
Қысқасы, әскерде шыңдалып, есейе түскен Сейсен, елге келген соң, әншілік өнер жолына қайта түсіп, өнердін биігінен 2007 жылдары көріне бастады. Ол Ақтөбе көлік коммуникация колледжінде керкемдік жетекші болып жұмыс жасай жүріп, белгілі «Маэстро» музыкалық студиясын ашуы — өзінің шығармашылығына жол ашып, көптеген әндерін жарыққа шығаруына мүмкіндік жасады. «Туған жерім — Темірім», «Жансен аға», «Мақтанышым Ақтөбем», «Ақтөбе таңы», «Ақтөбем менің», «Көктем шуағы» композициясы т. б. 60-тан астам тамаша әндер өз тыңдаушыларын тапты. Сол жылдары Ақтөбе қаласында түсірілген «Қыз және көгершін» көркем фильміне Сейсен Мұқанұлының «Алдамайды жүрегім» әні таңдалып алынғаны да үлкен жеңістің бірі еді. Әнші шығармашылығындағы үлкен жұмыстардың бірі әндеріне бейнебаян түсірілуі болды. «Өзіңмен біргемін», «Туған жерім-Темірім», «Бақытты балалық», «Бастауыш мектебім», «Туған күн» әндеріне түсірілген бейнебаяндар, көрермендердің көзайымына айналды.
С. Айтжановтың, өзінің туған жері — Темір ауданының мәдени-рухани дамуына қосқан үлесі және мәдени шаралардың ұйымдастырылуында еткен еңбектері ескеріліп, оған 2010 жылы «Жыл адамы» құрметті атағы берілді. Ал 2011 жылы Ақтөбе қаласында «Өзіңмен біргемін» атты концерті қойылып, 2013 жылы «Туған жерім — Темірім» атты шығармашылық ән кеші өткізілді. 2014 жылы Ақтөбе қаласының 145 жылдығына арналған «Ақтөбем — арман қала» атты жергілікті композиторлардың шығармашылық фестивалінде отбасы» ансамблінің құрамында Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының арнайы «Дипломымен» марапатталды. Ал, С. Айтжанов 2018 жылдың мамыр айынан бастап, Хромтау аудандық Мәдениет Үйінің директоры қызметіне тағайындалды. деген шексіз махаббатының арқасында «Бақытты балалық», «Сен менің», «Асылдарым», «Достарым», «Анашым менің», «Атажаным», «Сағындым сені», «Ақпейіл көршілерім», «Әке мен бала», «Қош бол дегім келмейді», «Көктем шуағы», «Ұстазым», «Туған жерім —Өнер жолында жүріп, өзінің патриоттық бағыттағы әуендерге жаны жақын әрі туған жер туралы әндерді шырқауға бейім екенін байқаған ол, өзінің туған жеріне облыстық мәдениет мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Алғыс хатымен» марапатталса, 2015 жылы Шымкент қаласының
Қазақстан Инженерлік- Педагогикалық Университетінің музыкалық бөлімі тарапынан «Академиялық Бакалавр» дәрежесі берілді.
Әрдайым қайнаған өнердің ортасынан табылып жүретін тәжірибелі өнер иесі, 2017 жылы Хромтау аудандық Мәдениет Үйінің көркемдік жетекшісі бола жүріп, іскерлігімен көзге түсті және «Хромтау» әні үшін Хромтау ауданы әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды. Сондай-ақ ол, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысып, Астана сахнасының төрінде ән де шырқады. Сол 2017 жылы «Өнерім — өрісім» атты облыстық отбасылық ансамбльдер фестиваліне Темірім» сияқты т. б. бірқатар әндерді өмірге әкелді.
— Әншінің өмірі жолаушылап жүрумен және түрлі адамдармен кездесумен өтеді. Өмір жолыңда талай жерге барасың, талай табиғатты көресің, көп қатысып, «Айтжановтар  іспеттес мақсатым бар еді. Күні кеше сол міндетімді орындап, жаным жай тапқандай болды. 27 қаңтар күні көкірегімді кернеген туған жеріме деген сағынышым мен шексіз ықыласымды жан жылытар әуенге қосып, жерлестеріме арнадым. Темір ауданы Шұбарқұдық ауылында «Шұбарқұдық — жыр дастаным, Шұбарқұдық — нұрлы аспаным» атты шығармашылық кешім жоғары деңгейде өтті. Жерімді, елімді аңсап жазған әндеріме қоса, жаңа туындыларым да көрермен жүрегіне жол тартты. Халықтың разылығына бөленіп, киелі мекенімнің сахнасынан нәр алып, шабытым еселене түсті. Осы ретте, өнерімді қолдап келген жерлестеріме алғысымды білдіргім келеді. Туып-өскен ауылым —Шығырлыдағы салтанатты кеш те сәтті өтті. Ондағы ән кешін талантты актер, өзіндік үні бар әнші Рахат Төрежанов жүргізді. Ол «Қырдан асып келемін» деген әуезді әуенімен өнер иесі және тыңдармандардың арасында алтын көпір орнатты десем артық айтқыным емес. Осы кеште Серік Закария, Жазира Мырзахметова, Қасым Алпамысұлы, Мұрат Құлетенов, Нұрболсын Асылбек сияқты күміс көмей әншілер ән шырқап, көрермендердің ризашылығына бөленді. Республикаға танымал айтыскер ақын Марат Ахметов те, сахна төріне шығып, маған деген елдің құрметін, жерлестерімнің ықыласын өз әуенімен әдемі жеткізді. Иә, мен олардың бәріне ризамын. Енді, 27 ақпан күні қалалық мәдениет үйінде өтетін Ақтөбе қаласының 155 жылдығына арнап, қалалық мәдениет үйінде концерт бермекшімін. Сахнаға ҚР еңбек сіңірген қайраткері Марат Әйтімов, ҚР мәдениет қайраткері Аллаберген Жақсыбаев, ҚР мәдениет саласының үздіктері Жұлдыз Нұрқасымова, Гүлназира Сағынғанова, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Нұртас Омаров және тағы басқа әріптес бауырларым шығып жандармен достасасың. Алайда, өзіңнің туған жеріңді бәрінен биік қоясың, ал достарыңның ішіндегі ең ыстығы да сол туған жеріңде құлын-тайдай тебісіп, бірге өскен бала күнгі достарың болмақ. Өйткені олар сені бала күніңнен біледі, сен қалай барсың, бар болмысыңмен қабылдайды. Мен үшін, балалық шағым өткен ауылымның, ондағы өмір сүретін адамдардың, бірге мектепте оқыған достарымның бағасы бөлек. Мәселен Ерлан, Ержан, Қадір, Даурен, Жанат, Қази, Кенжалы — барлығымыз бір мектепте білім алдық, сол қара шаңырақтан түлеп ұштық. Ерлан бізден бір сынып жоғары оқыса да, барлығымыз бірге жүрдік. Бір қызығы біздің сыныпта қыз бала болмады. Алысып-жұлысып жүрсек те, ауызбіршілігі мықты жігіттер-тұғынбыз. Сол кезден-ақ бір-бірімізге деген сыйластығымыз күшті еді. Мен әрбір туған жер, патриоттық тақырыптағы ән шығарарда, туған ауылымның тыныс-тіршілігі көз алдымда елестеп тұрады, — дейді Сейсен толқып тұрып.
Иә, шын өнер адамының жүрегі өте нәзік болады. Оның туған жерге деген шексіз сүйіспеншілігін төмендегі сөздерінен де аңғарамыз.
— Біраз уақыттан бері ойымды жаулап алып, атқарар парызым қолдау көрсетеді. Концерттік бағдарламамды «Ақтөбе таңы» деп атадым. Концертке темірлік жерлестерімді де шақырамын, — деді Сейсен Айтжанов сөзінің соңында.
Өнер жолы оңай дейтіндер, қателеседі. Өнерде белгілі бір биіктерге жету үшін, алдыңнан кездескен талай кедергілерді айналып өтіп, қиыншылықтарды жеңу үшін екі-үше есе артық күш жұмсау керек. Онсыз алға қойған мақсатқа жету мүмкін емес. Оған Сейсен Айтжановтың осы жолдағы өмірбаяны да айғақ. Ол өзінің сүйіп қосылған алғашқы жары Шайзаданың ауыр ауруға ұшырап, арбаға таңылғанын, одан кейін келіннің келісімімен Айнагүл Тәженовамен бас қосқанымен, ол да өмірден өткен қиыншылықтарға қарамастан өнерін өлтірмегенін, мен ерлікке теңеймін. Бүгінде, Шайзададан туылған Данагүл мен Нұрлы есімді қыздары ержетсе, Айнагүлден 5 жасында қалған Темір атты ұлы Шайзадаға бауыр басып, 9 жасқа толды. Бұған да шүкіршілік етіп жүрген жаны жайсаң Сейсен, Данагүлі мен Нұрлысын «атасы мен әжесінің балалары» деп, өзінің қарындасындай көрсе, есімі өзінің туған жері Темірдің құрметіне қойылған ұлын, Айнагүлдің көзіндей көріп, қайда барса да жанынан тастамайды, тіпті сахнаға шығып, бірге ән де шырқайды.
Осы тұста, Темір демекші, Сейсен маған мынадай бір қызық әңгіме айтып берді: «Жақсы ма, жаман ба, білмедім менде бір әдет бар. Ол – «Темір» деген сөзді есітсем, елең ете қаламын. Менің осы әдетімді Ақтөбедегі араласатын жора-жолдастарымның бәрі біледі. Мәселен, мені олар бұрын шахмат-дойбыдан, бильярд ойынынан ұта алмайтын. Кейінгі кезде олар мені кейде ұтып кетіп жүр. Мен бұған көпке дейін таңырқап жүрдім. Сөйітсем, бір күні олар: «Сейсенді қалай ұтсақ екен?» деп ақылдасқан екен. Сонда, оралдық бір жігіт: «Сейсенді ұту үшін, ойын үстінде, Темір ауданын жамандау керек. Сонда ол сенің сөзіңе қарсы шығып, күйіп-пісіп, жүйкесін тоздырып алады да, ұтылып қалады…» деген ғой. Содан, олар сол амалды қолданып, ойын басталғанда, мысалы жалғаннан: «Мен кеше Темір ауданына барып қайттым. Жолы — жол емес, ит екен… Темірдің адамдары да біртүрлі…» деп әдейі айтады екен ғой. Мен сол сәттен бастап, әлгі жігіттің сөзіне қарсы шығып, дауласып жүріп, ойында ұтылып қалады екенмін… Сондай-ақ, менің компьютерімді кез келген жақын-жуықтарым ашып, көре береді. Әйелімнен: «Бұл қалай?» десем, ол: «Сенің құпия сөзіңді «Темір» деп қоятыныңды бәрі біледі ғой» десе болар ма! Мен осы әдетімнен арыла алмай-ақ қойдым. Бұл менің әкемнен тұқым қуалаған әдет пе деймін. Әкем марқұм да туған жерін жақсы көретін. Менің «Туған жерім — Темірім» атты әнді шығарғанымда, өмірі ән тыңдамайтын және ешқашен маған ақша ұсынып көрмеген әкеме қатты ұнаған болса керек, маған 5 мың теңге бергені бар. Бір жағынан, кейде: «Әкені риза ету – батасын алғанмен тең шығар» деп ойлап, өнерде жолым болып жүргенін әкемнің сол қылығын, бата бергені ретінде қабылдаймын да, өзіме-өзіме риза боламын».
Қалай болғандан да, Сейсеннің жаратқан әндерің әуезді де, құлаққа жағымды, тартымды шығатынының себебі – оның осы сөздерінен де байқалып тұр деп ойлаймын. Яғни оның осы сөздерінен де туған жерге деген көзқарасы, жүрегінің таза екені, Темірді шын жүрегімен шексіз сүйетіні анық аңғарылады. Шын жүректен шыққан ән жүректерге еркін жететіні шындық. Олай болса, темірлік Сейсен жаратқан Темір туралы әуезді әндер, Темірдің аспанында мәңгілік қалықтап, әуелеп шырқалып тұра берсін демекпіз.
Әбдісәли ДӘУЛЕТБАЕВ.