ӨТІНІШТЕР ҚАНАҒАТТАНДЫРЫЛДЫ

0
53

АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ Р. ҚҰДАЙБЕРГЕНОВТІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН, ЖЕР УЧАСКЕСІНЕ ҚҰҚЫҚТЫ ТАБЫСТАУ НЕМЕСЕ БАС ТАРТУ ЖӨНІНДЕ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ. КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫНА АУДАН ДЕПУТАТТАРЫ, ШҰБАРҚҰДЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ Б. САУЫТОВ, АУДАНДЫҚ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ Қ.СӘЛІМГЕРЕЙ, АУДАНДЫҚ СӘУЛЕТ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ Е. АЙТМАҒАНБЕТОВ, ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ, КӘСІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІЛЕРІ ҚАТЫСТЫ.

Комиссия отырысында Шұбарқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты ММ-не Қызылжар мөлтек ауданында қолданыстағы электр желілерін пайдалану және қызмет көрсету, және Шұбарқұдық, Кеңқияқ, Ақсай ауылдық округтері тұрғындарынан келіп түскен өтініштер бойынша жер учаскелері мәселелері қаралды. Комиссия Отырысы соңында жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қанағаттандырылды.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.