КЕЗЕКТЕН ТЫС ШТАБ ОТЫРЫСЫ

0
64

АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВ, СУ ТАСҚЫНЫНА ОРАЙ ЖАРИЯЛАНҒАН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ БОЙЫНША КЕЗЕКТЕН ТЫС ШТАБ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ.
ОТЫРЫСҚА АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫ Ж. ҚОЙШЫБАЕВ, Р.ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, Қ. НҰРАЛЫ ЖӘНЕ БӨЛІМ, МЕКЕМЕ БАСШЫЛАРЫ ҚАТЫСТЫ. ОТЫРЫС БАРЫСЫНДА АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ С. ҚАЛМЕНОВ СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН ЕЛДІМЕКЕНДЕРДЕГІ АХУАЛДЫ БАЯНДАП ШЫҚТЫ.

Отырысты қорытындылай келе аудан әкімі бас инспектор Ә.Жұмагерейге округ әкімдерімен бірлесе отырып, су тасқынынан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарын жандандыруды, аудандық ветеринарлық станса басшысы Б. Барсаев пен аумақтық инспекция басшысы Қ. Қазиевке шығынға ұшыраған мал өлекселерін залалсыздандыру жұмыстарын ұйымдастыруды, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Г. Махимоваға зардап шеккен отбасыларға біржолғы жәрдемақы тағайындау жұмыстарын жедел түрде ұйымдастыруды,
аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А.Құлмұхановқа Бірлік пен Жамбыл елді мекендері тұсындағы көпірлерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді және тазалықты қамтамасыз ету мақсатында екі айлық сенбілік жұмыстарын бастауды, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Н.Адаевқа тұрғындардың шығындарын өтеу бойынша жұмыстарды жүргізу үшін тиісті қаражат бөлуді тапсырды.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.