МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕШЕН ТЕГІН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ

0
49

7 СӘУІР – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІНЕ ОРАЙ, ТҰРҒЫНДАРҒА ЖЫЛЖЫМАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕШЕН ТЕГІН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ҮШІН 10 СӘУІРДЕ ТЕМІР ҚАЛАСЫНА, 17 СӘУІРДЕ КЕНКИЯҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНЕ, 27 СӘУІРДЕ ШҰБАРШИ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНЕ АТТАНАДЫ. МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕШЕНДЕ ДӘРІГЕР ХИРУРГ, ДӘРІГЕР АКУШЕР ГИНЕКОЛОГ, УЛЬТРАДЫБЫСТЫҚ ЗЕРТТЕУ ДӘРІГЕРІ, ДӘРІГЕР ОФТАЛЬМОЛОГ, ТІС ДӘРІГЕРІ, СӨСҚ ДӘРІГЕРІ, РЕНТГЕНЛАБОРАНТ СИЯҚТЫ БІЛІКТІ МАМАНДАР ТОБЫ ТҰРҒЫНДАРҒА САПАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК ПЕН КЕҢЕС БЕРЕДІ.

Жылжымалы медициналық кешен, ауыл тұрғындарының басым бөлігін қамтуға және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Ауруларды ерте анықтауға, оларды кең көлемде емдеуге және жалпы халықтың денсаулығын жақсартуға көмектеседі. Шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарына ультрадыбыстық зерттеу, ЭКГ, сияқты зерттеулерді аудан орталығына бармай-ақ жүргізуге болады. Халық үшін бұл үлкен артықшылық.
Жылжымалы медициналық кешенде тексеруден өту үшін дәрігердің жолдамасы қажет емес. Бұл кешенде медициналық көмек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және сақтандырылған азаматтарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде тегін көрсетіледі.
Темір аудандық салаутты өмір салтын
қалыптастыру кабинеті мамандары