ЕКІ АЙЛЫҚ СЕНБІЛІК БАСТАЛДЫ

0
51

13 СӘУІР КҮНІ АУДАН ӘКІМІ С.АМАНБАЕВ “ТАЗА ӨЛКЕ” КҮНІНЕ ОРАЙ, АУДАН БОЙЫНША ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ЖАЛПЫ СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ. СЕНБІЛІККЕ АУДАН ӘКІМІМЕН БІРГЕ БАРЛЫҚ МЕКЕМЕ, БӨЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚАТЫСТЫ.

Сенбіліктен соң аудан әкімі, көктемгі абаттандыру мен санитарлық тазалықты сақтай отырып, туған өлкенің тазалығына атсалысу әрбір тұрғынның азаматтық парызы екенін атап өтіп, барлық қала және ауылдық округі әкімдеріне Темір ауданы бойынша жарияланған 2 айлық сенбілік бойынша жұмыстануды тапсырды. Тапсырманың орындалуын бақылау — аудан әкімінің орынбасары Р. Құдайбергеновке жүктелді.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.