ТАЛ ЕГУ АКЦИЯСЫ

0
51

27 СӘУІРДЕ АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВ, АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ Б. ШАИМОВ, АУДАН АРДАГЕРЛЕРІ, ТҰРҒЫНДАР, ЖАСТАРМЕН БІРГЕ, «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» КҮНІНЕ ОРАЙ, АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ТАЛ ЕГУ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ. АТАЛҒАН АКЦИЯ АУДАН КӨЛЕМІНДЕГІ БАРЛЫҚ ЕЛДІМЕКЕНДЕРДЕ ДЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУДА.

Тал егу акциясынан соң С. Аманбаев, Шұбарқұдық ауылдық округі әкімі Б. Сауытов пен аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А. Құлмұхановқа, өңірді абаттандыру мақсатында тал егу шараларының жоспарлы түрде жүзеге асырылуын, бүгінгі күні және бұған дейін егілген тал көшеттерінің өсуіне қолайлы жағдай жасауды ұйымдастыруды, аудандық полиция бөлімімен бірлесе отырып, қоршалған тал көшеттерінің қоршауларын бүтіндігін қадағалауды ұйымдастыруды тапсырды.
Берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау — салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасары Р. Құдайбергеновке жүктелді.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.