БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТУДА

0
48

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ РЕСПУБЛИКА БОЙЫНША “ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫН БАСТАУДЫ ТАПСЫРҒАНЫ БЕЛГІЛІ. ПРЕЗИДЕНТІМІЗДІҢ ТАПСЫРМАСЫ, БҮКІЛ ЕЛІМЗДЕГІ СИЯҚТЫ, БІЗДІҢ АУДАНЫМЫЗДА ДА ҚЫЗУ ҚОЛДАУ ТАПТЫ. СОЛАРДЫҢ БІРІ Н. БАЙҒАНИН АТЫНДАҒЫ ТЕМІР АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ҰЖЫМЫ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.

Бұл шараға алғашқы сенбіліктен бастап қатысып, белсенділік көрсетіп келе жатқан мәдениет қызметкерлері, міндетке ерекшк көңіл бөліп, тиянақты атқаруда. Мәселен олар, әрбір сенбілікте екіге бөлініп еңбек етіп жүр. «Тазалықты өзімізден бастайық!» деген ұранмен шыққан ұжым мүшелерінің алғашқы сенбілікте бір тобы мекеменің ауласын толық тазалап шықса, екінші бөлігі полигон аумағындағы шашылып жатқан қоқыстарды жинады. Ал одан кейінгі сенбілікте ұжым Досшан ишан мемориалдық кешені айналасын қамыс пен лас қалдықтардан тазалап және Орталық саябақта да еңбек етті. Келесіде «Шұбарқұдық Локоматив Депосының» айналасына тазалық жұмыстарын жүргізді.
Жалпы биылғы жылғы сенбілікте ауданымыздың басқа да мекемелермен бірге, мәдениет саласының қызметкерлері өздерінің аса белсенділігімен көзге түсуде. Солардың қатарына әрбір сенбілік сайын талдарды, бардюрлерді ақтап, гүлдер отырғызып, тазалық жұмыстарын жүргізіп жатқан Кенкияқ ауылдық мәдениет үйі мен Саркөл ауылдық клубының ұжымын да қосуға болады.
— Біз бір ғимаратта аудандық мәдениет үйі, мұражай және кітапханашылар мекемесі жайласқанбыз. Көп жылдардан бері тату-тәтті жасап келе жатқан бұл көрші ұжымдар, өздерін бір мекеменің мүшнлнрі секілді сезінеді. Әсіресе, осындай қоғамдық жұмыстарды атқару кезінде бәріміз бір кісідей кірісеміз. Биылғы сенбілікте де сол дәстүріміз жалғасын табуда. Біз осы екі айдағы акцияның әрбір сенбілігінен тыс қалмай, толық қатысуды жоспарладық, — дейді аудандық мұражайдың қызметкері Абат Бектенов.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.