ТЫЛ АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ

0
45

Аудан әкімі С.Аманбаев 9 мамыр — Жеңіс күніне орай Шұбарқұдық кентінің тұрғыны, ең жасы үлкен тыл еңбеккері, 96 жасқа келген Бектұрғанова Назия Ғаниқызын Жеңіс күні мерекесімен құттықтап барды.
Аудан әкімімен бірге облыстық мәслихат депутаты Б.Ізбасов, Шұбарқұдық ауылдық округі әкімі Б.Сауытов барды.
Аудан әкімі 8 баладан өрбіген 17 немере, 21 шөбере сүйіп, миуалы баққа айналған алтын құрсақты ана, тыл ардагеріне сый-сияпатын табыстап, жылы лебізін білдірді.
Өз кезегінде кейуана ақ батасын беріп, ризашылығын жеткізді.

Осы күні, аудан әкімі С.Аманбаев 9 мамыр — Жеңіс күніне орай Кеңестуы ауылдық округі, Қалмаққырылған бекетінің тұрғыны, тыл еңбеккері, 95 жасқа келген Қарамысова Өтесін апайды Жеңіс күні мерекесімен құттықтап барды.
Қарамысова Өтесін соғыс жылдары ерте жастан еңбекке араласқан, соғыстан кейінгі жылдары темір жолда қызмет еткен.
Ауыр еңбек жағдайына қарамастан, ұрпақ тәрбиелеп өсірген кейуана бүгінде 7 баладан өрбіген 20 немере, 14 шөбере сүйіп отыр.
Аудан әкімі батыр анамызға сый-сияпатын табыстап, жылы лебізін білдірді.
Өз кезегінде кейуана бүгінгі күндегі ең үлкен бақыт та, ең үлкен құндылық та бейбітшілік пен тыныштық екенін жеткізіп, ақ батасын берді.

«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында аға ұрпаққа қамқорлық көрсету — партияның басым бағыттарының бірі.
Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Б.Избасов және «AMANAT» партиясы Темір аудандық филиалының атқарушы хатшысы А.Нургалиев ауданымызда тұратын тыл ардагерлері — Бердигулова Нурби және Шымкаева Акбаланың үйлеріне барып, Ұлы жеңіс мерекесімен құттықтады.
Бізге ашық аспан, бейбіт өмір сыйлаған қарияларымызға ыстық ықыласымыз алғысымыз зор. Оларға қолдау білдіру әрқашан «AMANAT» партиясының басты назарында болады.
Өз тілішіміз.