ЖАСЫЛ АЛҚАПТЫ ҚОРҒАЙЫҚ

0
60

Жасыл желекті қорғау қай уақытта да тіршілікке де табиғаттың көркемдігіне де әсері мен сән-сәулеті ерекше. Ал теміржолдың екі жақтауына жарыса отырғызылған ағаштардың жоғарыдағы біз айытқаннан бөлек,қыс айларында темір жол бойын қар баспауына орай қорғаныстық маңызы ерекше.Біздің ұжым Шұбарқұдықтан 102 бекетке дейінгі аралықтағы екпе ағаштарды күтеді. Сондықтан жол бойында өсіп тұрған жасыл ағаштарды қорғау,өрт қаупінен сақтау,күтіп ұстау ,жылда көктемде қурағанының орнын жаңғыртып отыру жүзеге асырылып отырады.Өйіткені поездардың қозғалысын қамтемесіз етуге арналып егілген табиғи құндылықторды сақтауға тұрғындар да түсіністікпен қарау керек деп есептейміз.Сондықтан отынға кесу,мал жәйу,көлеңкелеп отырып от жағып өрт қаупін туғызу сиқты қауыптерден тұрғындар да аулақ болу керек деп есептейміз.Себебі жоғарыда атап өткендей бұл ағаштар темір жолды қардан қорғайды,оттегі бөлу арқылы қоршаған ортаны сауықтыруға да көп көмегін тигізетіндігін ескергеніміз жөн.
Ереван САЛИМАНОВ,
Шұбарқұдық кентінің теміржол бойындағы екпе ағаштар бөлімі басшысы .