МЫҢ АЛҒЫС, CAҒAH МЕКТЕБІМ!

0
19

ТЕМІР АУДАНЫ КЕҢКИЯҚ ЖББОМ- ДЕ 11СЫНЫП ТҮЛЕКТЕРІ ҮШІН « МЫҢ АЛҒЫС, САҒАН, МЕКТЕБІМ!» АТТЫ ТАҚЫРЫПТА САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ЕТКІЗІЛДІ.

Жиынға Темір ауданы , білім бөлімінің заңгері Далабаев Сергей Иванович ,Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Тұрмағамбетова Алия Абдрахманқызы ,Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Құбашева Ардақ Мұғалқызы , Зейнеткер ұстаз Сатанова Роза Жаниевна ,
Кеңкияқ ауылдық кентінің полиция бөлімінің басшысы Сейдағали Амандос Абдғалиұлы қатысты.
Биылғы оқу жылында 11 кластар бойынша 51 түлек бітірді. Оның ішінде «Үздік аттестат» үміткері 11 «Б» сынып оқушысы Саматова Н.С . 9 кластар бойынша 114 оқушы бітірді. Оның ішінде 11 оқушы “Үздік куәлік” үміткер. 45 оқушы қазақ, 6 оқушы орыс.
Мектеп түлектері «Мектебім» түлектер хорын, «Мектеп вальсі» түлектердің мектеппен қоштасу вальсін билеп, ән айтып, мектеп мұғалімдеріне өлең шумақтарын оқып мерекелік жиынның керкін келтірді.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.