АҚТӨБЕГЕ МАРШРУТТЫҚ ҚАТЫНАС АШЫЛУДА

0
45

23 Мамыр күні,аудан әкімі С.Аманбаев “Шұбарқұдық-Ақтөбе” және “ Ақтөбе-Шұбарқұдық” бағыттарындағы жолаушымалар тасымалын ұйымдастыруға үміткер Нұржан Аймұқашевпен кездесті.
Жиналысқа аудандық мәслихат төрағасы Б.Шаимов, аудан әкімінің орынбасары Р.Құдайбергенов, Шұбарқұдық ауылдық округі әкімі Б.Сауытов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Салиманов, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Е.Төлеуов, Шұбарқұдық ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы М.Нұғманов және бөлім, мекеме басшылары қатысты.
Жиналыс барысында «Ақтөбе-Шұбарқұдық» және «Шұбарқұдық-Ақтөбе» бағыттарындағы қоғамдық көлік қатынасы бойынша мәселелер талқыланды.
Аудан басшысы тұрғындардың өтініштерін назарға алып, салаға жетекшілік ететін орынбасары Р.Құдайбергеновке және аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А.Құлмұхановқа осы мәселелерді пысықтау бойынша тапсырма берген болатын.
Осыған орай қазіргі таңда аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес «Ақтөбе-Шұбарқұдық» аралығында жолаушыларды тасмалдайтын қоғамдық көлік қатынасы бойынша конкурс жарияланып, үміткерлер анықталды. Жоба мердігері – «Аймұқашев» ЖШС.
Сонымен қатар, аудан әкімі:- Шұбарқұдық ауылдық округі әкімі Б.Сауытовқа жолаушыларды тасымалдайтын қоғамдық автобустардың аялдамасы мен тұрақ орнын анықтауды;
— Аудандық жергілікті полиция бөлімінің бастығы, полиция майоры Д.Сұлтанғалиевке анықталған мердігерге жол қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру, жолаушыларды тасымалдау көлігінің техникалық талапқа сәйкес келуін және жүргізушілердің арнайы медициналық бақылаудан өтуін және жол қозғалысы ережелерін сақтауын қадағалауды тапсырды.
Берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасары Р.Құдайбергеновке жүктелді.
ТЕМІР ГАЗЕТІ