ЗҰЛМАТ ЖЫЛДАР

0
32

Жыл сайын еліміз, 31 мамыр күнін еске алу күні ретінде аталып өтеді. Елімізде 1993 жылдың 14 сәуір күні «Жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» ҚР заңы қабылданды. Сол уақыттан бастап осы заңға сәйкес, 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін ашаршылық құрбандарын еске алу күні болып жарияланған болатын. Жыл сайын Қазақстан Республикасының үкіметіне Саяси қуғын-сүргін құрбандары қаралы күніне орай, іс-шаралар әзірленіп, өткізу тапсырылды. Биыл еске алу күні ретінде аталып келе жатқанына 27 жылға аяқ басты. Облысымызда «Түйетөбе» деген жерде, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтарға арнайы ату жазасына кескен жерде ас беріліп құран оқылады. Империядағы бұратана халықтармен қазақтар да, ұлт-азаттық мақсатты көздеген жеке тәуелсіз ел болуды аңсаған, ұлттың басын біріктірген Алаш партиясы құрылды. Еліміз егемендік алып ұлт тарихын түгендеген, отарлық саясаттың ақтаңдақ беттерін ашу, зерттеу, болшевиктердің әкімшіл-әміршіл озбыр саясатын әшкерелеу жұмысы басталды. Ресей империясының бір жарым ғасырға созылған отарлау саясатын Кеңес Одағы да империялық саясаттты жалғастырды. Кеңес Одағының құрылу тарихы күрделі жағдайда жүргізілді. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістен кейін, бұратана халықтар оянып қозғалыстар құрып, ұлт мүддесін қорау жолынаа шықты, нәтижесінде патша тақтан құлады. КСРО республикаларында репрессия 1928 жылдан басталды. Қазақ елінде алдымен Алаш қайраткерлері тұтқындалды. Оларға «ұлтшыл» деген айып тағылды. Бірақ ол ұлт мүддесін көздеген партия өміршеңдігі ұзаққа бармады. Өйткені мына жақтан ақтар мына жақтан қызылдар мүмкіндік бермеді. Алаштың ардақты аяулы азаматтары оқымысты, білімді алдыңғы қатарлы озық ойлы азаматтары қуғын-сүргіннің қатал тырнағына ілінді. Бірсыпыра азаматтары аман қалған еді. Бұл репрессиядан қазақ халқының бетке ұстар ұлт қайраткерлері алашордашыл мемлекеттік басқарушы саяси топ өкілдері Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Х.Досмұхаммедов, С.Сейфуллин тб себепсіз жала жабылып, тұтқындалып, ақыры ату жазасына кесілді. Бұрынғы Ресей империясының аумағының саяси аренасына екі үлкен қарсылық күштер ақгвардияшылар мен қызылгвардияшылар пайда болып, билікке таласты, арты азамат соғысына ұласты. Осы соғыс Ресей империясына халқына және империя құрамындағы бұратана халықтарға едәуір қиындық әкелді. Қазақстанға мыңдаған адамдар қайғы-қасіреттен жоқшылықтан жапа шегіп, сонымен қатар шаруашылыққа үлкен материалдық шығын болды. Халқымыз үшін бұл кезеңдер Ақтабан шұбырынды алқалыкөл сұлама кездегі нәубеттен кейінгі дүрбелең десек болады. Бұл кезеңді ауыртпалыққа, қиындыққа душар еткен, тарихи қасіретті кезең деп айтуға болады. Кеңес Одағы құрылып, басқару аппаратында үлкен өзгерістер болды. Бүкілодақты гүлденген мемлекетке айналдыру мақсатында, барлық саладан өнеркәсіп, мәдениет, білім, ғылым, денсаулық, құрылыс ауылшаруашылығы саласын жаңарту индустрияландыру науқаны жүргізілді. Осыған орай жаңа мемлекетті құру үшін халқын да санасын өзгерту міндеті тұрды. Сол үшін ұлтшыл, бай-кулак, бөгде элемент халық жауы деп 1920-50-жылдар аралығында жаппай саяси қуғын-сүргін осылайша жүргізілді. Соның ішінде ерекше қатыгездікпен 1937-1938 жылдардағы үлкен террор жүргізілді. «Халық жауларын» анықтау бойынша қатаң саясаттың салдарынан қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың жақындары да зардап шекті. Олар үшін Қазақстанда АЛЖИР (отанына опасыздық жасағандардың әйелдері қамалған Ақмола лагері), Карлаг (Халықтық ішкі істер комиссариатының Қарағанды еңбекпен түзеу лагері), Степлаг (саяси тұтқындарға арналған лагерь) арнайы лагерьлері құрылды. Тергеусіз, сотсыз қаншама адам нақақтан нақақ атылды, асылды, тірі қалғандары жер аударылды. Кеңес Одағының батыс, орталық өңірінің (Кавказ, Украина, Белоруссия, Молдавия, Прибалтика, Поволжье, Орал тауы маңы) халықтарды туған жерінен бездіріп, өздері мекендейтін автономиялы әкімшілік-аумақтық құрылымын себепсіз жабылып, тұрғылықты халқын басқа өңірге, бұрын ата-бабалары көрмеген аяқ басып көрмеген Сібір, Қазақстан, Орта Азия, Қиыр Шығысқа жер аударды. Қаншама мыңдаған жоғары шенді әскери қызметкерлер мен кеңесшілер репрессия құрбаны болды. Тоталитарлық өктемдік саясаттың барлық ауыртпалығын қазақ халқымен бірге жаңа жоғарыда айтқан тарихи отанынан Қазақстанға жер аударылған 1,5 миллион неміс, поляк, корей, чешен, түрік, грек тб халық өкілдері зардап шекті. Қиындықты қазақ халқымен бірге көтерді. Зұлмат заманға қарамастан, біздің жерімізден жаңа баспана тауып, жан жылуына, түсіністік пен қамқорлыққа ие болды. барлық Тарихшы ғалымдарымыздың пайымдауынша қасіретті нәубет бірінен соң бірі қайталанды. 1916 жылғы көтеріліс, азамат соғысы, 1921-1922 ж ашаршылық, коллективтендіру, репрессия, Ұлы отан соғысы қазақ халқын демографиялық апатқа ұшырап, саны жағынан үш есе азайды. Егер де осы нәубеттер болмағанда қазақ халқы қазіргі санынан 3-4 есе көп болатын еді. Осылайша қазақ халқы орны толмас орасан зор шығынға ұшырады. Жалпы атап-айтар болсақ 103 мың адам қуғынға ұшырап, 25 мың адам ату жазасына кесілген. Тарихымыздың қасіретті беттері, саяси қуғын-сүргін және ашаршы-лық құрбандары әрқашан біздің жадымызда және оны ұмытпау біздің қасиетті борышымыз. Аудандық музейде «Ақтаңдақ жылдар» атты тақырыпта экспозиция ашылған болатын. Экспозицияда кітаптар мен фотокөшірмелер газет мақалалар жинақтары қамтылған.Көрмеген мектеп оқушылары мен келуші үлкен қонақтарға таныстырылады
Н.Қуанбаев
Музейдің ғылыми қызметкері