ІІМ: Пранктар заң бұзуға себеп емес

Ішкі істер министрлігі пранк ұйымдастырып, контент жасайтын азаматтарға үндеу жасады, — деп хабарлайды Polisia.kz.
— Құрметті азаматтар! Соңғы уақытта интернетте пранк және экстремалды көріністер бейнеленген видеолар жиі таралуда. Мұндай ойындар мен қауіпті трюктер әлеуметтік желілерде «хайп» үшін жасалуда. Өкінішке орай, «лайк пен қаралым үшін жарыс» әзіл-қалжың мен дұрыс көңіл көтерудің шеңберінен шығып кетуде. Авторлар ешкімге зиян келтірмейтін контенттің орнына агрессия, арандату, зорлық-зомбылық көрсетіп, өмірге қауіп төндіретін әрекеттерге барып жатыр. Мұндай әрекеттер жалпыға қауіпті және қоғамдық тәртіпті бұзады.
Жыл басынан бері осындай деректер бойынша 24 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мысалы, Астанада блогерлер лифт ішінде «мәйіт» тасып және балтамен шабуыл жасап, видео түсірген. Бұл видео жолаушылардың үрейін ұшырып, қатты қорқыныш тудырды. Аталған қатыгез пранктің барлық қатысушылары 15-тен 30 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынды. Алматы облысында экстремалды видео түсіру кезінде жас жігіт келе жатқан көліктің үстінен секірмек болды. Өкінішке орай, бұл әрекет қайғымен аяқталды — ол ауыр жарақат алып, көз жұмды. Мұндай әзілдер қауіпті ғана емес, сонымен қатар әдеп нормаларына сәйкес келмейді, қоғамдық тәртіпті бұзып, қауіпсіздікке қол сұғып, орны толмас салдарға әкелуі мүмкін. Бұл көріністердің куәгерлері көбіне шок алып, күйзеліске ұшырайды. Ал орындаушылар өз өмірлерін қатерге тігеді.
Ішкі істер министрлігі ескертеді: қоғамдық тәртіпті өрескел бұзатын, дүрбелең туғызатын немесе зиян келтіретін, сондай-ақ адамның ар-намысын қорлайтын әрекеттер үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделген. Блогерлік пен камераға түсіру құқық бұзуға сылтау болмауы керек. Қатыгез пранктер мен қауіпті трюктер — бұл өнер емес, бұл — заң бұзушылық. Біз осындай контент авторларына үндеу жолдаймыз: Күмәнді көріністі түсірмес бұрын немесе оған қатыспас бұрын салдарын ой елегінен өткізіңіз; Өмірде де, интернетте де өзгелердің сезімін, қауіпсіздігін және жеке шекарасын құрметтеңіз. Заңды сақтаңыздар және құқықтық жауапкершілікке әкелетін әрекеттерге бармаңыздар, — деді департамент бастығы — ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.
МВД: Пранки не повод нарушать закон
Министерство внутренних дел обратилось к «пранкерам», передает Polisia.kz.
— Уважаемые граждане! В последнее время в интернете все чаще появляются видео с так называемыми пранками и экстремальными сценами. Эти розыгрыши и опасные трюки осуществляются ради хайпа в социальных сетях. К сожалению, «погоня за лайками и просмотрами» нередко выходит далеко за рамки юмора и безобидных развлечений. Вместо доброжелательного контента их авторы прибегают к агрессии, провокациям, инсценировкам насилия и риску для жизни как собственной, так и окружающих. Такие действия представляют опасность и нарушают общественный порядок.
С начала года по таким фактам к административной ответственности уже привлечены 24 человека. К примеру, в столице блогеры устроили в лифте постановку с «трупом» и нападением с топором. Их контент вызвал панику и сильный испуг у случайных пассажиров. Все участники жестокого розыгрыша арестованы на сроки от 15 до 30 суток. В Алматинской области во время съемки экстремального ролика молодой человек попытался перепрыгнуть через движущийся автомобиль. Попытка закончилась трагически: он получил тяжелую травму и скончался. Подобные «шутки» и трюки — не просто опасны, они аморальны и нарушают общественный порядок, подрывают чувство безопасности и могут привести к необратимым последствиям. Невольные зрители часто испытывают шок и стресс. А сами исполнители подвергают себя серьезной опасности.
МВД напоминает: за грубое нарушение общественного порядка, провоцирующее панику или причиняющее вред, а также за унижение человеческого достоинства предусмотрена административная и уголовная ответственность. Блогерство и съемка на камеру — не оправдание для противоправных действий. Жестокие пранки и опасные трюки — это не искусство, а шаг за грань закона. Мы обращаемся ко всем авторам подобного контента: Подумайте о последствиях, прежде чем снимать или участвовать в сомнительных сценах; Уважайте чувства, безопасность и личные границы других как в жизни, так и в интернете. Соблюдайте закон и не совершайте действий, которые могут привести к правовой ответственности, — отметил начальник департамента — официальный представитель МВД Шынгыс Алекешев.