ӨНЕРПАЗДАР ТАРТУЫ

0
38

Жуырда облыс әкімі А.Шахаровтың тапсырмасына сәйкес Саркөл ауылдық округіне қарасты Құмсай елдімекенінде су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға жағымды көңіл күй сыйлау мақсатында аудандық мәдениет үйінін өнерпаздары “Ауыл кеші көңілді” атты концерттік бағдарламасын ұсынды.
Шараға аудан әкімі С.Аманбаев, ауыл тұрғындары, ардагерлер, жастар қатысты.
Аудан басшысы ауыл тұрғындарына табиғи апат кезінде танытқан ауызбіршілік және сабырлылықтары үшін ризашылығын білдіріп, ауылдың ең жасы үлкен және ең жасы кіші тұрғындарына сый-сияпатын табыстады.
Сонымен қатар, аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары құмсайлықтарға ыстық лебізін дәстүрлі, халықтық әндер арқылы жеткізді.
Республикаға танымал айтыскер, ақын Қайболдин Ершат құмсайлықтарға арналған арнауын оқып, тұрғындардың ықыласына бөленді.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.