Суға шомылғанда сақ болайық!

0
23

ҚАЗІРГІ ТАҢДА БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕГІ ОҚУ ЖЫЛЫ АЯҚТАЛУЫНЫҢ ЖАҚЫНДАУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСҚА ШЫҒАТЫНЫ БӘРІМІЗГЕ МӘЛІМ. ОСЫҒАН ОРАЙ, МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСТАРЫНДА БАЛАЛАР МЕН ОЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫНА ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС КЕЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ СУҒА ШОМЫЛУЫ КЕЗІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН САҚТАУ МАҚСАТЫНДА ТЕМІР АУДАНЫНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІ ТАРАПЫНАН ТҮСІНІК ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗЕ КЕТКЕНДІ ЖӨН КӨРІП ОТЫРМЫЗ.

Әрбір ата-ана жазғы демалыс кезінде балалардың бос уақытындағы іс-әрекеттеріне көп көңіл бөліп, әсіресе өзендерде суға шомылғанда абай болғаны жөн. Себебі, жүзу білмеген немесе өзіне белгісіз (ағысы қатты, терең, жар-қабақтар) жерлерге шомылмау керек. Балалар ересектерсіз өз бетінше суға түспесін!
Салқын суларда көбіне қол-аяқтар құрысып қалып жатады. Терең сулар кеудені қысып, тыныс алуды тарылтады. Мұндайда мүмкіндігінше, үрейленбеген дұрыс. Адам су ішінде айқайлап, абыржып, қармана берсе, әлі кетіп, су жұтады.
Суға түсу кезіндегі қарапайым ережелердіде есте сақтаңыздар:
— сіз суға түсерден бұрын, кездейсоқ қолайсыз жағдайға тап болсаңыз, сізді кім құтқаратынын естен шығармаңыз;
— таныс емес қауіпті жерлерге суға түспеңіздер;
— салқын суда көп тұрмаңыздар;
— түнгі мезгілде суға шомылмаңыздар;
— мас күйінде суға түспеңіздер.
Төменде зардап шеккен адамға көрсетілетін алғашқы көмек, кейбір әдістер келтірілді.
Су жұту — тыныс алу жолдарын сұйықтықпен немесе сұйық массалармен толтыру. Су жұту белгілері болып, ауыздан көбік бөлу, жүрек қызметінің және тыныс алудың тоқтауы, көз ұлпасының кеңейуі, тері жамылғыларының көгеруі болып табылады.
Алғашқы көмек
Ауыз қуысын тазарту, сосын зардап шеккен кісіні құтқарушы жамбасына жатқызып, басын төмен қарай салбыратқан күйі кеудесі мен арқасын қаттырақ қысу арқылы іштегі және өкпедегі суды шығару керек. Бұдан кейін тездетіп жасанды тыныс алдыру жүргізіле
Ремендерді, тартпаларды, орамалдарды және т. б.
қолдану әдісі
Жүрек қызметін қалыпқа келтіру үшін жасанды тыныс алдырумен қатар жүрекке тікелей массаж жасау керек. Жүрек аймағын әрбір 5-6 рет басу арқылы жәбірленушінің аузы немесе мұрны арқылы ауа үрлейді. Мұны тыныс алу және жүрек соғуын толық қалыпқа келгенше жасайды. Жүрек қызметі және тыныс алу қалыпқа келгеннен кейін жәбірленушіні жылытып, жамылдырып және медициналық пунктке жеткізу керек.
Демалыс орындарындағы балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне көбірек көңіл бөлгеніміз абзал. Яғни, ол орындардың мекеме басшылығы мен өрт қауіпсіздігіне жауапты тұлғалардың, қызметкерлердің өрт қауіпсіздігі ережелерін қаншалықты дәрежеде орындап отырғандығы маңызды болмақ.
Осындай оқиғалардың алдын алу үшін оқытушылар, ата-аналар болып бәріміз атсалысуымыз керек.
Сөзімізді қортындылай келе, ата-аналар, оқытушылар бәріміз бірігіп, төтенше жағдайлардың алдын алып аман болу үшін, балалардан көз жазбай, орны толмас өкінішке жол бермеген дұрыс деп санаймыз.
Нұржан Аспан Ерланұлы
Темір ауданының ТЖБ аға инженері,
азаматтық қорғау капитаны.