МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ТӨЛ МЕРЕКЕСІ АТАП ӨТІЛДІ.

0
12

Жақында, аудандық мәдениет үйінде қазақтың ұлттық өнері мен ұлттық құндылығы, мәдени мұрасын насихаттап, айналасын думанға бөлейтін, сан қырлы талант иелерінің кәсіби мерекесіне арналған “Мерейлі мерекем” атты салтанатты шара өтті. Үлгілі “Алтынай” би ансамблінің қазақ биінен бастау алған шара барысында аудан әкімінің орынбасары Қ.Нұралы құттықтау сөз сөйлеп, мәдениет саласындағы елеулі еңбегі үшін бірнеше мәдениет қызметкерлеріне аудан әкімі С.Аманбаевтың алғыс хатын табыс етті.
Сонымен қатар, Темір аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ә.Қалмағанбетов сала қызметкерлерін құттықтап, алғыс хаттар табыс етіп,