«АЛТЫН БАЛАЛЫҚ ШАҚ»

0
50

БАЛАЛАР — БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ. ОЛАРҒА ҮНЕМІ ҚУАНЫШ СЫЙЛАП ОТЫРУ — ҚОҒАМНЫҢ БАСТЫ МІНДЕТТЕРІНІҢ БІРІ БОЛУЫ КЕРЕК. АЛ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ ОЛАРҒА ЕКІ ЕСЕ КӨП КӨҢІЛ БӨЛУ ҚАЖЕТ. СЕБЕБІ БҰЛ КҮН – БАЛАЛАРДЫҢ МЕЙРАМЫ. СОНДЫҚТАН БҰЛ КҮНІ ӘРБІР БАЛА ЕРЕКШЕ ҚАМҚОРЛЫҚТЫ СЕЗІНІП, ҮЛКЕНДЕРДІҢ ШЕКСІЗ МЕЙРІМІНЕ БӨЛЕНУІ ТИІС.

«Зере» бөбекжай-балабақшасында «Алтын балалық шақ» атты мерекелік шара өтті. Тақырыпқа сай безендірілген балабақша алаңы, көңілді әуен, түрлі кейіпкерлер мерекелік көңіл-күйді білдіріп тұрды. «Үйшік» ертегісі желісінде жалғасқан концерттік бағдарламада кейіпкерлер рөлдерін керемет сомдап, балалар би билеп, ән салып, өз өнерлерін көрсетті.
Шараға Кеңкияқ ауылдық округі әкімдігі мен «Керуен» дүкенінен өкілдер, балабақша тәрбиешілері, Кеңкияқ Мұнай өндіру басқарма басшысының орынбасары Тұржан Тақылұлы қатынасып, бүлдіршіндерді мерекелерімен құттықтады және демеушілік жасап, ойыншықтарды сыйға тартып, тосын сый ретінде тегін балмұздақ таратты.
«Бала көңілдің гүлі, көздің нұры» демекші, әр отбасына шаттық пен бақыт сыйлаған балаларымыз әрқашан аман болсын! Шараға демеушілік еткен Кеңкияқ Мұнай өндіру басқармасына, Кеңкияқ ауылдық округі әкімдігіне, «Керуен» дүкені мен тәрбиешілерге ризашылығымызды білдіреміз!
Іңкәр Кәри әулеті,
«Зере» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі.