«ӨНЕР БАРЫСЫ» ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

0
50

ЕСІРТКІНІҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМЫНА ҚАРСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КҮРЕС КҮНІ ҚАРАСАҢЫНДА АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ӨНЕР ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫ АРАСЫНДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН АУДАНДЫҚ «ӨНЕР БАРЫСЫ» ӨТТІ. ЖАРЫСҚА МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДА ЕҢБЕК ЕТІП ЖҮРГЕН ЖІГІТТЕР АМАНҚҰЛОВ БАТЫРБЕК, ЖҰЛҚАШ ЖАСҰЛАН, НАРИМАНОВ ӘДІЛХАН, НҰРАЛИН МӘДИ, СӘКЕБАЕВ ӘМІРЖАН, СҰЛТАНҒАЛИ НҰРБЕК, ТУЛЕНИЯЗОВ ЖАРАС, ЕҢСЕГЕНОВ ТИМУР, АЙСА ЕРЛАН ҚАТЫСТЫ.

Сайысқа қатысушылар алдымен сапқа тұрып, Қазақстан Республикасының Әнұранын тыңдап, құрмет көрсетті. Кейін төрешілер жарысқа қатысушыларды көрермендерге таныстырып, салмақ өлшеу және жеребе тастау рәсімдерін өткізді.
Қызықты өткен жарыстың нәтижесінде 70 келіден жоғары салмақ дәрежесінде І-орынды Аманқұлов Батырбек, ІІ-орынды Сәкебаев Әміржан, ІІІ-орынды Нариманов Әділхан иеленді.
Ал 70 келіден төмен салмақта І-орынды Сұлтанғали Нұрбек жеңіп алса, ІІ-орынды Тулениязов Жарас қанжығасына байлады. ІІІ-орын Айса Ерланға бұйырды.
Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер ақшалай сертификатпен және арнайы белбеумен марапатталды.
Қазақ күресі — ұлттық төл спортымыз. Оның ұлттық намысты оятатын, көрерменге шабыт сыйлайтын тәрбиелік маңы¬з¬ы зор, құдіреті биік спорт түрі болғандықтан, жас ұрпақ арасында дамыта түсу үшін осындай шараларды жиі ұйымдастырып тұруымыз керек-ақ.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.