МҰРАЖАЙ – ПАТРИОТТЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕЙДІ

0
44

ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚТЫ БІЛІМДІ ДЕ ПАТРИОТТЫҚ РУХТА ТӘРБИЕЛЕУДЕ МҰРАЖАЙДЫҢ АТҚАРАТЫН МІНДЕТІ ЕРЕКШЕ. ОСЫНЫ ТЕРЕҢ ТҮСІНЕТІН ҰСТАЗДАР, АУДАНДЫҚ МҰРАЖАЙҒА БАЛАЛАРМЕН БІРГЕ АРНАЙЫ САЯХАТ ЖАСАП, ТӘУЕЛСІЗ ОТАНЫМЫЗДЫҢ ТАРИХЫМЕН ТЫҒЫЗ БАЙЛАНЫСАТЫН ТУҒАН ЖЕР МЕН ОСЫНДАҒЫ ҚҰНДЫ ЖӘДІГЕРЛЕРДІҢ ТАРИХЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ АЛУҒА МҮМКІНДІК ЖАСАП ОТЫРАДЫ.

Өткен оқу жылын айтпағанның өзінде, кеше ғана басталған оқушылардың жазғы демалысынан бергі уақыттың ішінде аудандық музейге көптеген балалар ұстаздарымен бірге келіп, осындағы музей қызметкерлері тарапынан ұйымдастырған түрлі тақырыптық көрмелерді тамашалады. Атап айтатын болсақ, Н.Мұқановтың жетекшілігімен Ж. Кереев ЖОББ мектебінің 7-ші «а» сынып оқушылары, А. Жұбанованың жетекшілігімен № 1-ші мектеп-гимназияның бастауыш сынып оқушылары, Оқушылар үйінің мұғалімі К. Сабиттің жетекшілігімен «Жазғы демалыс алаңы» демалыс лагерінің балалары, № 3-ші Шұбарқұдық орта мектебінің мұғалімі А.Нұрмағамбетованың жетекшілігімен «Күншуақ» жазғы демалыс лагері оқушылары, сондай-ақ № 6-шы негізгі орта мектебі мен Ж. Кереев атындағы орта және № 5-ші бастауыш мектептің жанынан құрылған «Жұлдыз», «Балдаурен», «Күншуақ» жазғы демалыс лагері оқушылары т. б. мұражайға келіп, туған жердің тарихымен танысты.
Мұражай қызметкерлері оқушыларға отан мен өлке тарихын насихаттап, ұрпақ санасына сіңіру бағытында жұмыстануда ешқашан жалыққан емес. Ай сайын дерлік жаңа тақырыптық көрмелер ұйымдастырып, мұражайға келушілерге залдағы әрбір жәдігерлерге сипаттама беріп, олар туралы баяндап беруге әрқашан сақадай-сай дайын отырады.
Нұрбол ҚУАНБАЕВ, аудандық мұражай қызметкері.