ҚҰМСАЙДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ЖАЛҒАСУДА

0
63

АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВ, КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗІНДЕ ҮЙЛЕРІ ЗАРДАП ШЕККЕН 21 ОТБАСЫҒА АРНАЛЫП САЛЫНЫП ЖАТҚАН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫН ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ ҚАДАҒАЛАП КЕЛЕДІ. ОЛ 22 МАУСЫМ КҮНГІ САРКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ ЖҰМЫС САПАРЫ КЕЗІНДЕ ҚҰМСАЙ АУЫЛЫНА БАРДЫ.

Аудан басшысы, округ әкімі М. Шүйіншалинмен бірге, «TUF Company» мен «МугалжарСтрой» ЖШС мердігер компаниялары жүргізіп жатқан тұрғын үйлер құрылысын аралап, бұл жолы мердігер компания өкілдеріне құрылыс жұмыстарын сапалы түрде жүргізіп, тұрғындардың тезірек қолайлы үйлерге көшуі үшін құрылысты жоспарланған мерзімнен кешіктірмей аяқтаудың маңызын түсіндірді және М. Шүйіншалинге жағдайды күнделікті бақылауды тапсырды.
ӨЗ ТІЛІШІМІЗ.