МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ АУДАНЫМЫЗҒА КЕЛДІ

0
38

АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВ, АУДАНЫМЫЗҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛГЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІНІҢ МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ Қ. ӘЛІШЕВПЕН КЕҢҚИЯҚ ЖӘНЕ САРКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ АУМАҒЫНДА КЕЗДЕСІП, АЛДЫМЕН КЕҢҚИЯҚ АУЫЛЫНДАҒЫ «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН МЕКТЕП ҚҰРЫЛЫСЫН, «КӨКЖИДЕ» КЕН ОРНЫ ЖҰМЫСНЫҢ БАРЫСЫН, ӨҢІРДЕ ОРЫН АЛҒАН СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН ҚҰМСАЙЛЫҚТАРҒА АРНАЛЫП ҚҰРЫЛЫП ЖАТҚАН ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ ҚАРАДЫ.

Сондай-ақ, Мәжіліс депутаты мен аудан басшысы біргелікте, «Құмсай-Қопа» газ желісін қайта жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаж жұмысының барысымен танысты және Қ.Әлішев мердігерлерге құрылыстың сапалы жүргізілуі мен ауа райын ескере отырып, уақытылы аяқтауды тапсырды.
Аудандағы сапары соңында Қ. Әлішев, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарының жауапсыз қалмайтындығын атап өтіп, мердігерлерге бекітілген мерзімде тұрғын үйлерді қолданысқа берілуіне аса мән бере отырып, құрылыс жұмыстарының қарқынын үдетуді ұсынды.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.