«Жасай бер Астана!»

0
23

Еліміздің маңызды, жарқын да жасампаз мерекелердің бірі — Астана күні. Өйткені, Астана — тәуелсіздіктің тірегі, халықымыздың болашаққа деген сенімі. Қазақстанның жас елордасы, бүгінгі Астана — қарқынды дамыған мемлекеттің, мәңгілік достық бейнесі. Астана болашағы жарқын қала.

Аталған мереке қарсаңында, «Зере» бөбекжай балабақшасында «Жасай бер Астана!» атты мерекелік шара өтті. Балабақшаның балалары тарапынан:
«Астанам — бағы биік асқарымсың,
Астанам — мәңгі жарық аспанымсың.
Астанам — пейіш қала, ел арманы,
Астанам қайда жүрсем мақтанышым» деген көңілді әнмен басталған шараның жалғасы би билеп, асфальтқа сурет салумен және түрлі ойындар ойнауға ұласты.
Балалар тәрбиеші Жанаева Гүлхан ұйымдастырған «Жасай бер Астана!» атты мерекелік шараны: «Қазақстан Республикасының жүрегі мәңгі соғып, бас қаламыз одан әрі гүлдене берсін!» деген ұранмен аяқтады.
Гүлдерай ШАШТАУАРОВА,
«Зере» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі.