КҮН ЫСЫДЫ, АБАЙ БОЛАЙЫҚ!

0
46

ДАЛА ӨРТТЕРІ — КӨП ЖАҒДАЙЛАРДА АДАМДАРДЫҢ АБАЙСЫЗДЫҒЫНАН ПАЙДА БОЛАДЫ. ТАБИҒАТ АЯСЫНА ШЫҚҚАН АЗАМАТТАРДЫҢ ЖАҚҚАН ОТТАРЫН ӨШІРМЕЙ КЕТКЕНДІКТЕРІНЕН НЕМЕСЕ КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІЛЕРІНІҢ ЖОЛ ЖИЕГІНЕ ӨШІРМЕЙ ТАСТАЙ САЛҒАН ТЕМЕКІ ТҰҚЫЛЫНАН, ЯКИ БОЛМАСА АШЫҚ АЛАҢДА ҚОҚЫСТЫ НЕМЕСЕ ҚҰРҒАҚ ШӨПТЕРДІ ЖАҒУЫ ЖӘНЕ Т. Б. САЛДАРДАН ПАЙДА БОЛАДЫ. ӨРТТІҢ ПАЙДА БОЛУЫНЫҢ 90 %-ҒА ЖУЫҒЫ АЗАМАТТАРДЫҢ НЕМҚҰРАЙЛЫҒЫНАН, 7-8 %-Ы НАЙЗАҒАЙДЫҢ ЖЕРГЕ СОҒУЫНАН, 2-3 %-Ы ӨЗГЕ ДЕ ӘСЕРЛЕРГЕ БАЙЛАНЫСТЫ (МЫСАЛЫ ДАЛАЛЫҚ ЖЕРДЕ ЖАТҚАН ШЫНЫ ЖАРЫҚШАСЫМЕН КҮН СӘЛЕСІНІҢ ШАҒЫЛЫСУЫНАН ДА) ПАЙДА БОЛАДЫ.

ДА) ПАЙДА БОЛАДЫ.
Далалық аймақтардың өртке қауіпті кезеңдері жаз мезгілінің ортасы мен соңында орын алады. Себебі, құрғақ өсімдіктермен шөптердің бір ұшқын үшін өте тез қарқынды жануына байланысты. Сол себепті осы кезеңде табиғат аясына шыққан азаматтардың далалық аймақта өте сақ болуы және өрт қауіпсіздік шараларына өте мұқият болуы қажет. Ол үшін:
— Далалық аймақта отқа арналған орынды құрғақ шөптен, қоқыстан мұқият тазалау қажет
— Отты тақыр жерлерде жағу қажет
— Отты қамыстан, төніп тұрған құрғақ ағаштан қашық жерде жағу қажет
— Жаққан отты қараусыз қалдырмау, кетер алдында отты толық сөндіргеніне көз жеткізу қажет
— Пайда болған өрт ошақтарын тез арада сөндіру қажет: сумен, құммен, сулы матаның көмегімен сөндіріледі.
Есіңізде сақтаңыз!
Өрт қауіпсіздік ережесін сақтау — әр азаматтың міндеті.
Өртті сөндіргеннен, алдын алған оңай!
Өрт оқиғасы болған жағдайда дереу өрт сөндіру қызметіне 101 немесе 112 телефон нөмерлері арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.
***
Су айдынындағы күшейтілген түрдегі алдын алу шаралары
Темір ауданының ТЖБ қызметкерлері күшейтілген тәртіптегі алдын-алу шаралары бойынша рейдтік жұмыстарын жалғастыруда. Басты мақсат – судағы адам өліміне жол бермеу. Суға шомылуда көбісі ұнатады. Суда жүзіп білмегенің өзінде, Сіз жаздың ыстық күндері суға түсіп салқындап алудан бас тартпайсыз. Сондықтан, жағажайлардағы демалыс тек жағымды емес, әрі қауіпсіз болу керек. Сол себепті ТЖБ қызметкерлері Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері мен бірлескен түрде «Су — тілсіз жау» тақырыбында рейдтік шараларын жүргізеді.
Демалушылармен әңгімелесу кезінде құтқарушылар су айдындарында орын алған қайғылы жағдайлардың статистикалық көрсеткіштерімен таныстыра отырып, тұрғындардан судағы қайғылы оқиғаны болдырмау үшін қандай әрекет жасау керектігі жөнінде сұрады. Демалушылардың жауаптарынан көбісінің судағы қаупісіздік ережелерін білетіндігі байқалды, алайда тұрғындар кей кезде осы ережелерді бұзатындықтарын мойындады. Көбіне демалуышалар суға мас күйінде түсудің еш қаупітілігі жоқ деп ойлап, өз күшіне сеніп суға шомылады. Құтқарушылар азаматтардың назарына мас күйінде суға түсудің қауіпті факторларын жеткізді, яғни, өз күшін асыра бағалау, ағзаға зиян келтіру және суға түсу кезінде қысымның төмендеуі. Сол себепті мас күйінде суға түсуге болмайды, соның ішінде алысқа жүзуге және биіктіктен секіруге тыйым салынатынын ескертті.
Сондай-ақ, суда ерекше тәуекел тобына жасөпірім балалар жатады. Су жағасында демалыс немесе суға шомылу кезінде еш уақытта балақайлар мен жасөспірім балаларды көзден таса қалдырмау керек. Бала суға лезде батып кету мүмкін. Айтылған ақпараттардың бәрі азаматтардың есінде қалу мақсатында, аталмыш тақырыпта жадынамалар таратылды.
Темір ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі