ТҰРҒЫНДАРҒА ҮЛКЕН МҮМКІНДІК
ЖУЫҚТА, «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ӨТКЕН АРНАЙЫ ЖИНАЛЫСТА АУДАН ӘКІМІ С. АМАНБАЕВ, АУДАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Е.ЖОЛДЫҒАРИННІҢ КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ МӘСЕЛЕ БОЙЫНША ЖАСАҒАН БАЯНДАМАСЫН ТЫҢДАП, ОРЫНБАСАРЫ Ж. ҚОЙШЫБАЕВҚА, АППАРАТ БАСШЫСЫ А. СИСЕНОВКЕ ЖӘНЕ ТИІСТІ БӨЛІМ, МЕКЕМЕ БАСШЫЛАРЫНА, ОКРУГ ӘКІМДЕРІМЕН БІРЛЕСЕ ОТЫРЫП, ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМ ӨНДІРУШІЛЕРГЕ ТИІСТІ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІП, КӘСІП АШУҒА НИЕТТІ ТҰРҒЫНДАРҒА ЖОБА МҮМКІНШІЛІКТЕРІН ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУДІ ТАПСЫРДЫ.
Жиналыс соңында С. Аманбаев, Е. Жолдығаринге де, қатарынын екінші жыл беріліп жатқан мүмкіндікті барынша тиімді пайдаланып, жоғарыда аталған лауазым иелерімен тығыз байланыс жасап, округтерге жиі барып, осы бағытта әкімдерімен қоян-қолтық жұмыс істей отырып, «Ауыл аманаты» жобасымен неғұрлым көп адам айналысуына ықпал етуді тапсырды және берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау — салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің
орынбасары Р. Құдайбергеновке жүктелді.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.