АБАТТАНДЫРУҒА АРНАЛДЫ

0
42

ҮСТІМІЗДЕГІ ЖЫЛЫ АУДАН ӘКІМІ ӘРБІР АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС САЙЫН АУДАН ОРТАЛЫҒЫН АБАТТАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЙЫ ТОҚТАЛЫП КЕЛЕДІ. СОНЫҢ НӘТИЖЕСІНДЕ, ӘРТҮРЛІ НЫСАНДАР МЕН АУМАҚТАРДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ЗЕРДЕЛЕНІП, КЕМШІЛІКТЕРДІ ТҮЗЕТУДІ ЖАУАПТЫ МЕКЕМЕ БАСШЫЛАРЫНА ҰСЫНУ ЖӘНЕ ОРЫНДАЛУЫН ҚАДАҒАЛАУ ЖОЛҒА ҚОЙЫЛДЫ. МӘСЕЛЕН, ТАЯУДАҒЫ КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ОТЫРЫСЫНЫҢ БАРЫСЫНДА АУДАН ӘКІМІ С.АМАНБАЕВ, АУДАН ОРТАЛЫҒЫ — ШҰБАРҚҰДЫҚ КЕНТІ БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛГЕН ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫНА АРНАЙЫ ТОҚТАЛДЫ.

Мәжілісте аудан әкімі аудан орталығына кіреберістегі стелла, Қызылжар мөлтек ауданындағы саябақ, орталық саябақ, вокзал алаңындағы аллея, кәріз құдықтары, қоқыс жәшіктері т. б. нысандардың жай-күйін сынады. Атап айтқанда, саябақтардың есіктерін қалыпқа келтіру, тал көшеттерін суару, жарық шамдарын ауыстыру, орындықтарды, қоқыс жәшіктерін сырлау, уақытылы қоқыстарды шығару, кәріз құдықтарын бітеу, шөптерден тазарту, гүл отырғызу, т. б. мәселелердің шешімін таппай отырғанын атап өтті.
Аудан басшысы С. Аманбаев, Шұбарқұдық ауылдық округі әкімінің орынбасары Ж. Кенжебайға жүргізілген зерделеу жұмыстарын көрсете отырып аудан орталығындағы нысандарды күтіп ұстау бойынша қатаң ескерту жасап, тез арада көрсетілген кемшіліктерді қалпына келтіруді, шаруашылық бағыттағы жұмыстарды жандандыруды тапсырды және жиналыс соңында аудан әкімі салаға жетекшілік ететін орынбасарлары Р.Құдайбергенов, Қ. Нұралыға кемшіліктердің бақылау жоқтығынан орын алатындығын ескертіп, тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етуді міндеттеді.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.