Бес ауылға газ тартылуда

0
46

 

Аудан әкімі С. Аманбаев газ саласын дамыту бойынша арнайы жиналыс өткізді. Жиналысқа аудан әкімінің орынбасарлары Ж. Қойшыбаев, Р. Құдайбергенов, Қ. Нұралы және бөлім, мекеме басшылары қатысты.  Жиналыста аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Ә. Сапа, елді мекендерді газдандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Биылғы жылы 5 елді мекенге, атап айтқанда Еңбекші, Шығырлы, Ащысай және Құмсай, Қопаға газ тартып, құбырлар салу бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Мұнда Еңбекші ауылына тартылатын және ауылішілік газ құбырын салу жобасының бас мердігері – «ЕРЗАТ» ӨК, Шығарлы және Ащысайға және ауылішілік газ құбырын салу жобасының бас мердігері – «КазПромСтройГрупп» ЖШС (жалпы ұзындығы – 39, 418 шақырым), Құмсай және Қопа ауылдарында газ құбыры желілерін реконструкциялау жобасының бас мердігері – «СанТехМонтаж-Актобе» ЖШС (жоба қуаты – 13, 05 шақырым) екендігі айтылды.
Жиналыс соңында аудан әкімі С. Аманбаев,   Ә. Сапаға жоспарланған жобаларды уақытында пайдалануға беруді және бөлінген қаражатты толық игеруді қамтамасыз етуді, сондай-ақ құрылыс жұмыстарының сапалы әрі уақытылы орындалуын қатаң түрде бақылауға алуды тапсырды. Берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау — салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасары Р. Құдайбергеновке жүктелді.

                                                                                                  ТЕМІР ГАЗЕТІ.