ЖАҢА ҚОНЫСЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

0
39

Жақында, аудан әкімі С.Аманбаев аудан орталығында Қайыңды ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен “Ауыл кеші көңілді” атты көше мерекесі аясында көктемгі су тасқынынан зардап шеккен, қазіргі таңда Ж.Кереев көшесінің тұрғыны Қабыловтар отбасын мекен- жайы бойынша құттықтап барды.
Аудан әкімімен бірге аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ә.Бахытқызы, Шұбарқұдық ауылдық округі әкімі Б.Сауытов және Қайыңды ауылдық округі әкімі Р.Рашев қатысты.
Аудан басшысы жаңа қоныс иелеріне көктемгі су тасқыны кезінде сабырлық пен төзімділік танытқандықтары үшін ризашылығын білдірді.
Жаңа шаңырақтарына береке, бірлік тілеп,  арнайы сый-сияпатын табыстады.
Жаңа тұрғын үй иесі Қ.Қабылова апат кезінде мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау үшін аудан әкіміне және құттықтап келген қайыңдылықтарға ризашылдығын білдірді.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ