ЖӘРМЕҢКЕ ЖАЛҒАСУДА
Өткен сенбі күні, аудан әкімі С.Аманбаев аудан орталығында аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен бастау алып отырған мал азығы жәрмеңкесіне қатысты.
Аудан әкімімен бірге Шұбарқұдық ауылдық округі әкімі Б.Сауытов, аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің бас маманы А.Ертай қатысты.
Аудан əкімімен бекітілген кестеге сəйкес Жақсымай ауылдық округі шаруа қожалықтары бұл күні 3150 бума шөпті сатылымға шығарды.
Аудан басшысы Жақсымай ауылдық округі шаруаларының жəрмеңкесіне қатысып, келген кент тұрғындарын қысқы маусымға мал азығын уақытылы дайындауға шақырды.
Аудан әкімі аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің бас маманы А.Ертайға: межелеген жоспарға сәйкес мал азығын дайындау бойынша жұмыстарды тиісті деңгейде атқаруды, әр түрлі шөп түрлерін( орамдар мен бумалар) жеткізудің қажетті мөлшеріне қатысты халықтың тілектерін ескеруді, баға белгілеуге ерекше назар аударуды тапсырды.Сондай-ақ, аудан басшысы Шұбарқұдық ауылдық округі әкімі Б.Сауытовқа тамыз-қыркүйек айларында жәрмеңке өткізу туралы ақпаратпен аудан орталығының барлық тұрғындарын бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы қамтуды тапсырды.
Сонымен қатар, аудан әкімі бекітілген кестеге сәйкес жәрмеңкені ұйымдастырған Жақсымай ауылдық округінің бас маманы Р.Омаровқа және шаруа қожалықтарының өкілдеріне ризашылығын білдірді
ӨЗ ТІЛШІМІЗ