Президент Жолдауы: Әділетті қоғам мен тұрақты экономикалық дамуға бетбұрыс

0
28

2024 жылы Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, саяси реформаларға және халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында өз жолдауын ұсынды. Осы орай, жеке тұлға ретінде өз көзқарасымды білдіргім келеді.  Жолдаудағы шаралар халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған. Қазақстанның қазіргі даму кезеңінде әділетті қоғам құру мәселесі басты назарда. Бұл аспектілер елдің тұрақты дамуы мен азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруда шешуші рөл атқарады. Сондықтан қоғамның тұрақтылығы мықты болу үшін заң үстемдігін қамтамасыз ету, құқық қорғау органдарының тиімділігін арттыру, жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу маңызды болып саналады. Бұл өз кезегінде халықтың мемлекетке деген сенімін арттырады. Ал экономикалық өсімге келетін болсақ, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басты қозғаушы күші болып саналады.

Президенттің жолдауында атап өтілгендей, экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін инвестиция тарту, инновацияларды енгізу, кәсіпкерлікті дамыту және өндірістің тиімділігін арттыру қажет. Тұрақты экономикалық өсім азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеруге, жұмыс орындарын ашуға және әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Заң тәртібі мен экономикалық өсімнің өзара байланысы Қазақстанның болашағын айқындайды. Тек әділетті қоғам орнату арқылы ғана біз экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізе аламыз. Сондықтан, бұл бағыттар бойынша нақты шаралар қабылдау, қоғамда әділеттілік пен теңдікті орнату – еліміздің даму стратегиясының негізі болмақ.

С.Байшев аттындағы ЖОББМ-нің физика пәні мұғалімі Арыствнова Д.Ж