Ақсай ауылдық округінде

0
14

Жуықта, аудан әкімі С.Аманбаев Ақсай ауылдық округіндегі жұмыс сапары кезінде округ әкімі Е.Бегимовпен бірге Шығырлы және Ащысай елдімекендеріне тартылатын және ауылішілік газ құбырын салу құрылысын қарады.

Аудан әкімімен бірге аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Е.Айтмағамбетов және Ақсай ауылдық округі әкімі Е.Бегимов барды.

Темір ауданы бойынша биылғы жылы 5 елдімекенге, атап айтқанда, Еңбекші, Шығырлы, Ащысай және Құмсай, Қопа елдімекендеріне ауылішілік газ құбырларын салу бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Шығарлы және Ащысай ауылдарына тартылатын және ауылішілік газ құбырын салу жобасының бас мердігері – «КазПромСтройГрупп»ЖШС. Жалпы ұзындығы – 39,418 км.

Қазіргі таңда құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Аудан әкімі С.Аманбаев Ақсай ауылдық округіндегі жұмыс сапары кезінде Ақсай ауылына кіреберіс автомобиль жолының ашылу шарасына қатысты.Аталған шараға аудан әкімімен бірге Ақсай ауылдық округі әкімі Е.Бегимов және ардагерлер мен жергілікті тұрғындар қатысты.

Осыған дейін тұрғындармен кездесу барысында ауыл тұрғындары Ақсай елдімекеніне кіреберіс жолын жөндеу мәселесін бірнеше мәрте көтерген болатын.

Шара барасында аудан әкімі тұрғындардың өтініштері мен тілектерін назарға ала отырып, Ақсай елдімекеніне кіребіріс жолының ашылуы өңірдің дамуына жаңа серпіліс беретіндігіне сенім білдіріп, қазіргі таңда кіреберіс жолдар толығымен асфальтталғанын атап өтті.

Ұзындығы 1,7 км құрайтын Ақсай ауылына кіреберіс автомобиль жолын жөндеу жұмыстары жобасының бас мердігері — «Ақтөбе Құрылыс Аймақ» ЖШС.

Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары аяқталып, аталған кіреберіс автомобиль жолдары қолданысқа берілуде.Сонымен қатар аудан әкімі С.Аманбаев Ақсай ауылдық округіндегі жұмыс сапары кезінде ауданның бас дәрігері С.Жанахметов және Ақсай ауылдық округі әкімі Е.Бегимовпен бірге жаңадан салынып жатырған Ақсай ауылдық амбулаториясы құрылысының барысын қарады.

Жаңа амбулатория бір уақытта 40 науқасты қарауға негізделген. Қазіргі таңда амбулаторияның қабырғасы қаланып, төбесі жабылып, ішкі бөлу жұмыстары жүргізілуде. Тапсырыс беруші – Ақтөбе облыстық құрылыс басқармасы.
Іс сапар соңында аудан әкімі Ақсай ауылдық округі әкімі Е.Бегимовқа құрылыс жұмыстарының сапалы әрі уақытылы орындалуын, денсаулық сақтау мекемесі ғимаратының сапалы жүргізілуіне сонымен қатар жаңадан салынған асфальт бойындағы жол қозғалысы қауіпсіздігін тұрақты бақылауды және тұрақты түрде жол таңбаларының салынуын ұйымдастыруды тапсырды.

Берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Құдайбергеновке жүктелді.