Қазақстанның энергетикалық болашағы үшін маңызды қадам

0
25

Атом электр станциясын (АЭС) салу туралы референдум еліміздің болашағы үшін маңызды кезең болмақ. Бұл қадам Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін нығайтып, тұрақты әрі сенімді энергия көздерін қамтамасыз етудің бірден-бір жолы болып табылады. АЭС электр энергиясын үздіксіз өндіру арқылы экономикамыздың тұрақты дамуына ықпал етіп, өндіріс орындары мен тұрғындардың қажеттіліктерін өтеуге мүмкіндік береді.

АЭС экологиялық тұрғыдан да тиімді шешім. Атмосфераға зиянды газдардың шығарылуын азайтып, климаттың өзгеруіне қарсы күресте маңызды рөл атқарады. Мұндай технологияны қолдану арқылы Қазақстан өзінің халықаралық экологиялық міндеттемелерін орындап, тұрақты дамуға бет бұра алады. Сонымен қатар, АЭС салу жаңа жұмыс орындарын ашып, ғылыми-технологиялық прогреске жол ашады. Жергілікті кадрларды даярлау, ғылым мен техниканы дамыту саласындағы зерттеулерге серпін береді. Бұл еліміздің интеллектуалдық әлеуетін арттырумен қатар, әлемдік аренада да беделін көтеретін маңызды қадамдардың бірі.

Осы орайда, АЭС-тің болашағы бар екенін түсініп, референдумға белсенді қатысып, ел болашағына бейжай қарамайтын әрбір азамат өз пікірін білдіруі керек. Бұл – Қазақстанның энергетикалық тұрақтылығы мен экологиялық таза болашағы үшін жасалатын жауапты қадам.

Тасқопа ауылының тұрғыны  Кулдукова Ж.Е