Ауыл тарихы -ұрпаққа мұра

0
44

Үстіміздегі жылдың 29 қыркүйек айында Темір ауданы, Ақсай ауылдық округіне қарасты «Бірлік» аулында «Ауыл тарихы- ұрпаққа мұра» атты аулымыздың мақтаныштарын қолдау мақсатында үлкен шара өткізілді.
Шарамызыдың қонақтары болып: ҚР чемпионы, еркін күрестен спорт шебері ,Азия ойындарының қола жүлдегері, Париждегі 33- ші жазғы олимпияда ойындарына жолдама ұтып алған Қартпай Мирамбек Қазиұлы. ММА жекпе- жектен спорт шебері, ҚР төрт дүркін чемпионы, Еуропа чепионаты ММА жеті дүркін чемпионы, әлемдік аренада ММА қола жүлде иегері Тыныштық Жәнібек Абатұлы. Дзюдодан спорт шебері, ҚР әйелдер арасындағы жарыстарда бірнеше рет жүлделі болған, үздік жаттықтырушы, шәкірттері кешегі көшпенділер ойындарында чемпион атағын жеңіп алған Ұлболсын Мұқашқызы келді.
Атына заты сай «Бірлік» аулының азаматтары, осы қасиетті мекенде кіндік қаны тамған, қазақтын қара шаңырағы ауылдан шыққан ұл қыздарына арнап ас берді. Ақсақалдарымыз ақ батасын жолдап,еліміз батырларына кілем жабылған арғымақтарды сыйға тартты. Қазақта жақсы аталы сөз бар «Боламын деген баланың тұсауын кесіп белін бу, көш бастар ағаның етегін ұстап жолын қу» демекші ел келешегі жас буынға жоғарыда аталған чемпиондар үлгі болсын деген мақсатта, спортта нәтиже көрсетіп жүрген ауыл балдарына ,Аудан әкімінің атынан, аудандық спорт бөлімінен және Ақсай ауылдық округі әкімшілігі қолдауымен алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды. «Бірлік» аулының ынтымағымен бірлігі жарасқан ел екенін көрсетіп, барша қалың бұқараға үлгі жасап, игі істерімізге тәнті болып ризашылықтарын білдіріп жатқандарға жұғысты болсын деген ниеттеміз. Үлкен шараның бас қасында жүрген Аймағанбетов Жауынбай ағамыз бастаған ауыл азаматтарына, ауылым деп жүрегі соқан, «Бірлік» ауылында туып өскен жандарға алғсымыз шексіз, алла баршаңызға қуат берсін.

Самарханов Түгел Қуанышұлы,
Аудандық мәслихат депутаты