Тұрғындар дауыс беруде белсенділік танытуда

0
38

Бүгін АЭС референдумына байланысты аудан тұрғындары өздерінің дауыстарын беріп, елдің болашағын айқындауға үлес қосуда. Темір ауданының 28 сайлау учаскесінде барлық қажетті жағдайлар жасалып, сайлаушылардың еркін және әділ түрде өз таңдауларын жасауларына мүмкіндік берілген.

Сайлау учаскелері таңғы сағат 7.00-ден бастап өз жұмысын бастады. Кез келген азамат сайлау учаскесіне келіп, өз дауысын беру арқылы референдумға қатыса алады. Әрбір учаскеде сайлаушылардың қауіпсіздігі мен ыңғайлылығы қамтамасыз етіліп, заң талаптарына сай барлық шаралар қолға алынған.

Темір ауданының тұрғындары саяси саналығын көрсетіп, дауыс беруге белсенді қатысуда. Аудан бойынша дауыс берушілердің саны сағат сайын артып келеді, бұл тұрғындардың ел дамуына деген жауапкершілігі мен қызығушылығын көрсетеді.