Тәрбиелі ұрпақ — ұлт тірегі

0
33

27.05.2024 жылы Темір ауданы, Кеңкияқ ауылының кәмелетке толмаған тұрғындары бейнежазбаға түсіре отырып, итке пышақпен соққы жасау арқылы  қорлап, өлтірген.

Бейнежазба 01.11.2024 жылы әлеуметтік желілерге тарап, қоғамдық резонанс тудырған.

Осыған байланысты ағымдағы жылдың 8 қараша күні Кеңқияқ ауылында аудан әкімінің орынбасарының төрағалығымен «Темір ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия» көшпелі отырысы өткізілді.

Комиссия отырысында Кеңқияқ ауылында орын алған 3 жасөспірімнің итті қорлау оқиғасы талқыланды.

Отырыс қортындысы бойынша кәмелетке толмаған балаларды Темір ауданы полиция бөліміне «тізімдік» есепке алу, олардың заңды өкілдеріне ҚР ӘҚБтК-нің 127 бабымен жауапқа тарту тапсырылды.

Сонымен бірге, А.Ерлепес, М.Мырзабайды қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін және алдағы уақытта осындай қылмыстардың алдын-алу мақсатында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Балалар мен жасөспірімдердің арнаулы мектебі» КММ орналастыру жұмыстарын жүргізу және М.Абдрахманды білім алатын «Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі» орта кәсіптік білім беру оқу орнына ішкі профилактикалық есепке алу және бақылау туралы ұсыныс беру жөнінде тапсырмалар берілді.